08.11.2019 | Инновациялық даму жөніндегі конференциясы Таразда жас ғалымдарды жинады

Осы күндері Таразда Елбасының Қоры жанындағы Ғылым Кеңесі «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді. Қазақстан мен таяу шетелдердің 500-ден астам жас ғалымдары Dulaty University-ге келіп, бүгінгі таңда ғылыми қауымдастық алдында тұрған сын-қатерлерді талқылау үшін жиналды.

Сонымен қатар, форум қатысушылары баяндамалармен сөз сөйлейді, өздерінің ғылыми жобаларын таныстырады және гранттық қаржыландыруға конкурстық өтінімдерді дұрыс рәсімдеуді үйренеді.

Іс-шараны аша отырып, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры, профессор Махметғали Сарыбеков «мемлекеттік даму тек қоғамның әл-ауқаты жағдайында ғана мүмкін және ғылым әр адамның өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті.

Пленарлық сессия барысында жас ғалымдар білім берудің өзекті мәселелері, инновацияларды дамыту, экономика мен әлеуметтік сала үшін цифрландыру рөлі жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Қоршаған ортаны тұрақты қорғау үшін табиғи ресурстарды зерттеу, Орталық Азия елдерінің аумағында жыра эрозияға арналған ГИС-технологиялардың тиімділігі және қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған ортопедиялық аяқ киім жасау бойынша ғылыми баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.

– Бұған дейін Алматыда өткен дәстүрлі конференция өңірге алғаш рет шыққаны қуантады. Тараз ғалымдарына өздерінің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік туды. Көрмеде жас ғалымдардың жақсы жобаларының пулын көрдік. «Science Slam» зияткерлік кездесуінде қызықты идеялар айтылды. Елбасы Қоры осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, ғалымдар мен зерттеушілер арасында коллаборация жасауға мүмкіндік туғызады. Алдағы уақытта олар бір — бірімен өзара іс-қимыл жасай алады, өзара қолдау көрсетіп, өзара тәжірибе мен идеялармен алмаса алады, – деп атап өтті ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин.

Форум қатысушылары алдында тренингтер мен мастер-кластар, сондай-ақ «Жас ғалымдардың үздік Кеңесі» және «Science Slam» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі күтілуде.

 

Елбасының Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 708 960 56 13, +7 (727) 220-92-16

a.zhumashev@fpp.kz

Поделиться: