08.10.2019 | Елбасы Қоры мен «Jas Otan» жастар қанаты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Алматыда Тұңғыш Президент Қоры мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаровтың айтуынша, бұл құжат жастарды ел өмірінің әлеуметтік, экологиялық және басқа салаларына біріктіруге бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.

Кездесу барысында тараптар нақты іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, олар дөңгелек үстелдер, семинарлар, вебинарлар, конференциялар, экологиялық саяхаттар, марафондар, шеберлік сабақтары мен қазақстандық жастарға арналған конкурстар туралы әңгімеледі.

– «Jas Otan» жастар қанатының филиалы үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматыдағы өкілдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою маңызды оқиға. Әріптестігіміз нығайып, нәтижелі болатынына сенімдіміз. Біздің ортақ мақсатымыз – талантты жастарды Елбасы идеялары төңірегінде біріктіру. Жастар жылы және Еріктілер жылы қарсаңында меморандумға қол қойылғаны өте қуанышты, – деді «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.

Сонымен қатар, Қор мамандары алдағы жылдың аяғына дейін Алматыда өтетін ауқымды шаралар туралы айтып берді. Олардың ішінде «Аман келешек» балаларға арналған инклюзивті мәдени-спорттық шеберлік сабақтары фестивалі және халықаралық «ЖасSTAR» шығармашыл жастар фестивалі бар. Бұл жобалар бәсекеге қабілетті ұлттың тұрақты дамуына ықпал ететін Елбасы Қорының маңызды іс-шараларының бірі екенін атап өткен жөн.

 

Поделиться: