08.08.2018 | Астанада Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі перспективаларын талқылады

2018 жылы 8 тамыз күні Астана қ. «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты халықаралық жас ғалымдар форумы жұмысын бастады. Осымен екінші рет өтіп жатқан форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Қоры болып табылады.

Burabay Forum – жас ғалымдардың ғылым және білім саласындағы трансшекаралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылайтын халықаралық форум. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, отандық жоғары оқу орындары мен жақын шетелдер арасындағы байланыстарды нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу мәселелері қаралады.

Алғаш рет Форум 2017 жылдың 15-16 тамызы күндері өткізілген болатын. Онда био-нано-және агро-технологияларды, баламалы энергетиканы, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Бірінші Форум Ресей Федерациясымен шекара жанындағы ынтымақтастық мәселесіне бағытталған болатын. Бұл форумның негізгі нәтижелері Ресейдің озат ғылыми-зерттеу орталықтарымен ғылыми, ұйымдастырушылық және іскерлік байланыстарды нығайту болды.

Биылғы жылы Форум бірден бірнеше заманауи ғылыми бағыттарды қамтиды. Үш күн бойы (8-10 тамыз 2018ж.) зерттеушілер ТМД елдерінің ХХІ ғасырдағы ғылым, мәдениет, туризм салаларындағы қолданыстағы және потенциалды жаңа өзара байланыстарын талқылайтын болады.

Зерттеушілер Қазақстан мен ТМД елдерінің өзара байланыстарын бірден бірнеше бағытта дамытуды жөн көрді: туризм,мәдениет, сондай-ақ физика және ғылымды қажет ететін технологиялар. Халықаралық форумға 40 жасқа дейінгі 100 жас ғалымдар қатысты.

Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның физиктері, саясаттанушылары мен экономистері Астанадағы пленарлық отырыста екінші Халықаралық «Burabay Forum» форумына бастау берді. Сонымен қатар іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР жоо-ң ректорлары: Меркель Иоган Давидович — Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, Даленов Руслан Ерболатұлы – ҚР ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі, Сыдыков Ерлан Баташұлы- Л.Гуммилев атындағы ЕҰУ ректоры, Нысанбаев Ерлан Нуралиұлы – ҚР ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі, сондай-ақ ТМД елдерінің жас ғалымдар Кеңестерінің төрағалары  қатысты.

Алғысөз ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаевқа берілді :

Биылғы жылы Форум тіптен жаңа сапалық деңгейде өтіп жатыр. Біріншіден, қатысушылардың географиясы кеңейтілді, осы жылы Форумға 100-ден астам ғалымдар қатысады деп күтілуде, олардың 27-сі Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келетін шетелдік ғалымдар. Екіншіден, күн тәртібі кеңейтілді, биылғы жылы физика және ғылымды қажет ететін технологиялар, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ қоғамды-гуманитарлық ғылымдар салаларындағы біріккен ғылыми зерттеулерлдің перспективалары талқыланады. Үшіншіден, Форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары қатысады, бұл жас ғалымдарға білім және ғылым, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекет саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстары мен пікірлерін тікелей құзыретті органдардың басшыларына жеткізуге мүмкіндік береді. Біз Burabay Forum алаңы жас ғалымдарға ақпарат алмасуға, халықаралық ғылыми жобаларды бастауға және жүзеге асыруға, ғылыми ізденістердің нәтижелерін коммерциаландыруға керемет мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз – деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Екінші күні (9 тамыз) халықаралық форум өз жұмысын Ақмола облысында (Бурабай ауылында) жалғастырады. Онда қатысушылар үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары – Рогов Игорь Иванович пен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері мен басшылары:

Арыстанбек Мухамедиұлы — Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;

Ешенқұлов Талғат Ильясұлы – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің вице-министрі;

Молдабаева Сәуле Сүндатпайқызы– Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;

Кузембаев Рашид Талапұлы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басшысы;

Идрисов Қанат Мұратұлы – Ақмола облысы әкімінің орынбасарының қатысуымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылады.

Зерттеушілер мн министрліктердің өкілдері Білім және ғылымды Біріктіру: тәжірибесі мен перспективалары, Қазақстанның шекаралас аудандарының аграрлық секторын инновациялық дамыту, біздің еліміздің Еуразиялық кеңістіктегі мүмкіндіктерін талқылайды.

Сонымен қатар Форум аясында ғылымның әр түрлі салаларын дамытудағы білімдер мен озық тәсілдерді тәжірибелік қолдануға мүмкіндік беретін секциялық отырыстар мен шеберлік кластары өтеді. «Burabay Forum» қатысушыларына ойдағы істерін өмірде жүзеге асыруға кәсіби бизнес-жатықтырушы көмектеседі. Ол «жұмыс істейтін сервисті қалай құру керектігін» баяндап береді. Сондай-ақ РҒА (Ресей) биологияның іргелі мәслелері Институтының жоғары ғылыми қызметкері өз әріптестерімен тәжірибе бөліседі. Ол биотехнология, экология, ауыл шаруышылығы саласындағы зерттемелерді экономиканың нақты секторына енгізу тәжірибесімен бөліседі (Мәскеу облысының мысалында).

Поделиться: