08.06.2019 | Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Мессичпен кездесті

Кездесуде Елбасы мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, алдағы президент сайлауына тәуелсіз бақылаушы ретінде келгені үшін алғыс айтты.

– Сайлауға бақылаушы ретінде келгеніңіз үшін рахмет. Сіз бұған дейінгі сайлау науқанына да қатысып, жұмысымызды жоғары бағалаған едіңіз. Сізге деген ризашылығым зор, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі

Поделиться: