08.06.2018 | Франциялық шебер балаларды фотосурет өнеріне үйретеді

Франциядан келген фотосуретші Алматыда ерекше шеберлік сабағын өткізеді. Эрик Ваззолер Даун синдромы бар балалармен фотоөнер дағдыларымен бөліседі. Танымал шебердің оқушылары «Кеңес» оңалту орталығының 10 тәрбиеленушісі болды. Мұндай ерекше жобаның ұйымдастырушысы Тұңғыш Президент Қоры, әр балаға жеке фотоаппарат сыйлады.

Эрик Ваззолер: ерекше балаларға арналған арнайы әдістемесінің жоқ екендігін айтады. 30 жыл жұмыс істеген өз тәжірибесімен ол Франция, Грмания және Польша жастарымен бөлісіп үлгерген. Мұндай зағип және әлсіз көретін балаларға арналған ерекше шеберлік сабағын, шебер Қордың қолдауымен, былтырғы жылы жас қарағандылықтар мен алматылықтар үшін өткізген.

Фотосуретші әр сабақты жанды әрі ерекше өткізуге тырысады. Балалар тек кабинеттерде ғана сабақпен айналыспайды, олар фоторепортаж жасау үшін жиі далаға  шығады, саябақта серуендейді. Сабақтар аяқталған соң, шеберлік сабағына қатысушыларға Қазақстан бойынша еліктіретін саяхат кітабын сыйлады. Ал кейінірек жаңа фотографтар өз жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады.

Мұндай әлеуметтік маңызы бар жобаны өткізуге Тұңғыш Президент Қоры, Қазақстандағы Франция елшілігі мен Француздық Альянстың арасындағы жақсы, серіктестік қатынастардың арқасында қол жеткізді.

Жақында Алматыда Алматы Француз Альянсының директоры Лор дю Тейе ханым мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өкілдігі директорының кездесуі өтті:

– Балалар қызығушылықпен айналысады, оларға Эрик Ваззолерден білім алған ұнайды. Балалар өте мейірімді және жаңа білімдерге құштар. Мұндай жобаның мақсаты- өнер арқылы өздерінің күнделікті өмірін айту үшін, балаларды фотошеберлікке үйрету. Мұндай жобалардың арқасында, ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдылары ддамиды. Олар біртіндеп және қиындықсыз қоғамға тартылады, дейді Сергей Тохтаров

Қонақтарға Астананың жетістіктерін көрсететін және заманауи Қазақстанға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін «A day in Astana» фотоальбомы таныстырылды.

Әңгімелесу барысында, олар сондай-ақ сәтті іске асқан серіктестік жобаларды талқылады және болашақ жылға арналған білім, ғылым және жастардың бастамаларына қолдау көрсету аймағындағы перспективалық бағдарламаларды жоспарлады.

Поделиться: