08.06.2018 | Назарбаев орталығында жаңғыртылатын энергия көздері бойынша 2-ші саммит өтті

2018 жылы 8 маусымда Астана қаласындағы Назарбаев орталығында жаңғыртылатын энергия көздері бойынша 2-ші саммит өтті. Халықаралық индустриалды алаңның жұмысына әлемнің түпкір-түпкірінен 500-ден астам делегаттар мен спикерлер қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстанның жаңғыртылатын энергия Ассоциациясы және ҚР Тұңғыш Президенті –  Елбасы Қоры болды. Саммитті өткізу бастамасын ҚР Энергетика министрлігі тұлғасындағы Қазақстан Үкіметі қолдады.

Саммиттің мақсаты – жаңғыртылатын энергия көздерін қолдану бойынша барлық «жақтайтын» және «қарсы» жағдайларды талқылау, сонымен қатар біздің еліміз бен барлық әлемдік қауымдастықтың «жасыл» болашағын құруға үлес қосуға арналған үздік идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру.

Іс-шарада 20-дан астам қазақстандық және Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, БАӘ, Армения, Әзербайжаннан келген шетелдік спикерлер өз баяндамалары мен пікірлерін келтірді. Олардың ішінде мемлекет қайраткерлері, кәсіпкерлер, нобель лауреаттары, медиа саласының өкілдері мен ғылым докторлары бар.

Саммиттің жұмыс қорытындысы бойынша жоба қатысушылары бүгінгі таңда нарыққа қажетті технологиялық, қаржылық, әкімшілік және басқа да ресурстарды қосатын ірі көлемді мемлекеттік саланы дамыту бағдарламасының тұжырымдамасы жоқ деген жалпы пікірге келді.

Сонымен қатар бұл жоба Қазақстанға барлық әлемнен жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы халықаралық әзірлеушілерді, инвесторлар мен жеткізушілерді, сонымен қатар қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін жетекші мамандарды тарту стратегиялық міндетін шешеді.

Саммит бағдарламасының аясында «Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика көздерінің перспективалары неміс студенттерінің көзқарасымен»  қазақстандық-немістік біріккен зерттеу қорытындылары көрсетілді.

Саммит жайлы толық ақпаратты www.resummit.kz ресми сайтынан табуға болады.

Поделиться: