08.05.2019 | Алматы таяу және алыс шетелдің үздік хореографтарын күтуде

Алматыда 2019 жылдың 11 және 13 мамыры аралығында «Өрлеу-2019» балет мектептерінің V Халықаралық фестивалі өтеді. Оңтүстік астананың ірі мәдени оқиғасын А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бірігіп ұйымдастырады.

Фестивальдің мақсаты өзгеріссіз қалады. Бұл ұлттық хорегографиялық өнерді қолдау және дәріптеу, хорегограф-педагогтардың кәсіби қоғамдастығын бекіту, шығармашылық жетістіктермен және хорегографиялық білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесімен халықаралық алмасу.

Фестиваль «Рухан жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Елбасы Н.Назарбаев жариялаған Жастар жылына орай өткізіледі. Осыған байланысты, ұйымдастырушылар заманауи жастарды мәдени тәрбиелеу мен шығармашылық потенциалын дамытуға ерекше назар аударады.

Фестивальге Қазақстан, Ресей, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Бурятия, Якутия және Оңтүстік Корея студенттері мен оқытушылары, концертмейстерлері, әдіскерлері, ғалымдары, балет тәжірибешілері мен әртістері, кәсіби би ұжымдары мен хорегографиялық оқу орындарының студенттік ұжымдары қатысады.

Дарья Дмитриева (Якутия), Людмила Мергенева (Бурятия), Гайникамал Бейсенова (Қазақстан) шығармашыл жастаржың таланттарын дамытуға бағытталған үлкен білім беру бағдарламасын таныстырады. Балет шеберлері жеке шеберлік кластарының аясында тәжірибелерімен бөлісіп, өз елдері мен аймақтарының балет мектептерін таныстырады.

Балет мектептерінің бесінші фестивалінің алуан түрлі бағдарламасы келесі іс-шаралар арқылы көрсетіледі: «Уақыт- байланыстырушы желі» атты қазақ сахналық костюмдарының экспозициясы, «Биге апарар жол» атты Г.Капанованың фотоэкспозициясы, жас автор Наталья-Раминта Бараускайтенің «Би бояулары» атты көркемдік көрмесі, «Жаһандандыру дәуіріндегі заманауи өнер және білім беру» атты конференция, «ХХІ ғасыр балеті- мектепті таныстыру және хореографиялық білім беруді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел, «А.В.Селезнев атындағы АХУ бүгін» атты фильмнің тұсаукесері.

12  мамыр сағат 18:30-да А.В.Селезнев атындағы фестивальдің салтанатты ашылуы болады.  

13 мамыр сағат 17:15-те Абай атындағы ҚМАОТ-да ұйымдастырушылар мен фестиваль қонақтарының БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.  

«Өрлеу» балет мектептерінің V Халықаралық фестивалі қатысушылардың Абай атындағы ҚМАОТ сахнасында 13 мамыр сағат 18:30-да өтетін гала-концертімен аяқталады.

Айта кетерлігі, фестивальге сондай-ақ Қазақ ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы, «Петро Қазақстан», Абай атындаеы ҚМАОТ балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры қолдау көрсетті.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

А. Селезнев атындағы АХУ баспасөз қызметі

Ішкі және сыртқы байланыстар бөлімінің жетекшісі Ақбердиев Еркебұлан

Тел.: 8 727 341 01 83, 8 707 565 5554

y_akberdi@mail.ru, ballet-kz@mail.ru

Поделиться: