07.06.2018 | Назарбаев орталығында «Астана – бейбітшілік қаласы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2018 жылдың 7 маусымында Астанада, «Назарбаев Орталығы» негізінде қазақстандық туроператорларға арналған Шучье-Бурабай курорттық аймағы бойынша воркшоп өтті. Іс-шараны «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен бірігіп, ҚР Президентінің іс басқармасының қолдауымен, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ішкі және келу туризмін дамыту аясында ұйымдастырды.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша Бурабай ауданының туристік кластеріне 167 нысан, оның ішінде 45 шипажайлық-курорттық мекеме, 14 сауықтыру орталығы және туристерді орналастыру орындарын ұсынатын 122 нысан кіреді.

Жыл сайын жаз маусымында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы арқылы 500 мыңнан астам демалушылар өтеді. Бұл ретте, әкімшіліктің мәліметі бойынша, курорттық аймақтың инфрақұрылымы жаз кезінде толық жүктелім жағдайында 1 миллионнан аса турист қабылдауға мүмкіндік береді.

Осыған орай, іс-шара барысында Ақмола облысының әкімдігі мен «Бурабай Даму» компаниясы курорттық аймақта демалу мен саяхаттаудың артықшылықтары, пакеттік ұсыныстар, жолсілтемелер, жаңа туристік бағдарлар, өңірдің киелі жерлері мен жоспарланған шаралары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, қонақ үйлер мен туроператорлар арасында өткен b2b кездесулер барысында олар орналастыру орындарын жүктеуге бағытталған серіктестік пен бірлескен жұмыс бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Бурабай ұлттық паркіне арналған 150 дана «A day in Burabay» (Бурабайда бір күн) атты бірегей фотоальбомын сыйға тартты.

Еске сала кететін болсақ, елорданың 20 жылдығына арналған «A day in Astana» атты бұрын шығарылған фотоальбом шетелде үлкен жетістіктерге жетті. Осы фотоальбом негізінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Мадрид, Алматы, Тараз және Астана қалаларында «Ұлы дала маржаны – Астана» атты фотокөрме ұйымдастырылған болатын.

Мадридте БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымның ғимаратында өткен  көрмеде, осы ұйымның қызметкерлеріне фотосуреттердің ұнағаны соншалықты, олар Астанаға келіп,  бәрін өз көзімен көруді ұйғарды. Бұл жазда олар Испания астанасынан мотоциклдермен шығып, 20 күн жол жүретін болады. Сапардан кейін олар Қазақстанға арналған өздерінің кітабын шығармақ.

Поделиться: