07.03.2019 | «Жас толқын» олимпиадасы еліміздің ең ақылды, жасампаз және спортшы студенттерін күтеді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында «Жас толқын» республикалық олимпиадасына қатысу үшін студенттік командалардан өтінімдер қабылдау жарияланды. Жас қазақстандықтар осы көктемде Алматыда «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалі барысында өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсететін болады.

«Жас толқын» олимпиадасы студенттерде креативті ойлау және жан-жақты тұлғалық өсуге деген қызығушылықтарды дамытуға ынталандыруға ықпал етеді.

Олимпиаданың көзбе-көз кезеңінде жеті студенттік командалар «Миллион тұратын идея» әлеуметтік-инновациялық жобасын таныстырып, бейнеформатта оқу орнының күнделікті өмірін көрсетіп, зияткерлік қабілеттері мен физикалық дайындығын көрсетулері тиіс.

Олимпиада қорытындысы бойынша үш жеңімпаз команда анықталып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша қосымша ынталандыру сыйлықтары қарастырылады.

«Жас толқын» олимпиадасына қатысу үшін өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 2 сәуіріне дейін жалғасады.

Сілтеме бойынша олимпиаданың ережесімен танысып өтінімді толтыруға болады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары жасампаз, озат және инновациялық студенттік командаларды Алматыда «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінде күтеді.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: