06.07.2019 | Ел ордасында «NUR-SULTAN QUEST-2019» өткізілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 5 шілде күні «NUR-SULTAN QUEST-2019» ұйымдастырды.

Квесттің мақсаты – қатысушыларды ерекше демалуға шақыру және олардың Нұр-Сұлтан қаласымен жақын танысуын ұйымдастыру арқылы азаматтардың елорданың тарихы мен сәулетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету.

«NUR-SULTAN QUEST-2019» – бұл жұмбақтар мен ойжұмбақтардан құрылған бағдарлау элементтері қосылған қала ойыны.

Ол үшін әр қатысушыда Instagram әлеуметтік желісінде белсенді аккаунты бар, интернетке және әлеуметтік желілерге қосылуға шектеуі жоқ, сонымен қатар QR-кодтарды оқуға арналған бағдарламасы жүктелген телефоны болуы қажет еді.

Шарт бойынша қаланың 13 көрнекі жерінен өту қажет, олардың 9-ы- баруға міндетті негізгі жерлер. Алдын ала дайындалған маршрут бойынша кез келген нысанға бара отырып, қатысушылар сұрақтар мен ребустар түріндегі тапсырмаларды орындады. Тапсырмалардың жауаптарында келесі нысанның ататуы туралы ақпарат жасырынды.

Нәтижесінде «NurSOULtan» сөзі жиналуы керек болатын. Ол үшін жасырынған жерлерге барып, «NurSOULtan» сөзінің бір әріпін тауып, онымен сэлфи жасап, сол суретті Инстаграмға салуы керек еді. #NURSOULTAN, #YOURSOULISHERE,  #ТВОЯДУШАЗДЕСЬ және @fpp_kz хэштегтерімен.

Қатысушылар жергілікті жерге бағдарлау және ақпарат алу үшін карта, компас, іздеу жүйелерін және басқа да қажетті заттарды пайдалана алды.

Қызықты ойынның қорытындысы «Астана» концерт залының алдындағы алаңда шығарылды.

Жеңімпаздар лотереялық барабанда орналасқан купондарды кездейсоқ таңдау арқылы анықталды. Осылайша, квесттің 15  қатысушысы тұрмыстық техника алуға сертификаттар алды (50 мың теңгелік 5 сертификат, 75 мың теңгелік 5 сертификат, 100 мың теңгелік 5 сертификат).

– Мен жеңгендердің бірі болғаныма өте қуаныштымын! Конкурсқа қатысуға шешім қабылдағанда, жалға самокат алдым. Өйткені қала кішкентай емес және үлкен қашықтықтарға жету қажет болды. Бүгін тапсырмалардан өткенде, мен өзімнің жеңетініме сендім. Менің уақытым аз қалды және барлық жерлерден өтіп үлгермедім, бірақ Квест уақытында маған қатысушылар автокөлікпен қозғалуға көмектескендіктен менің жолым болды. Бұл уақытты үнемдеді және мен үлгердім. Ұйымдастырушыларға рахмет! Керемет іс-шара, – деді жеңімпаздардың бірі Әйгерiм Әуелханова.

– Мен квест жайында Инстаграмдағы жарнамадан білдім. Бүгін достарыммен ойынға қатыстым. Біз барлық нысандарды бәрінен тез өткендердің біріміз. Квест уақытында қала туралы көп білдім, көптеген керемет эмоциялар алдым. Жеңгеніме өте қуаныштымын! Бүгін тамаша күн болды, – деді келесі жеңімпаз Демижан Темiржан.

Поделиться: