06.06.2019 | Ұлыбританияда «Назначенный временем» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті

Британиялық кино және телевидение өнері академиясында (BAFTA Лондон қ.) Радик Кудояровтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Назначенный временем» деректі фильмінің ағылшын тіліндегі әлемдік тұсаукесері өтті.

Іс-шараны Лондондағы Қазақстан Елшілігі мен Британдық-Қазақстандық қоғамның көмегімен ҚР Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырды.

Белгілі болғандай, BAFTA әлемдік кинематографияның ең беделді орталықтарының бірі болып табылады, оның кино өнері саласындағы жетістіктер үшін жыл сайынғы сыйлығы Золотой Глобус және Оскар секілді сыйлықтармен бір қатарда тұр.

Құрметті қонақтар ретінде тұсаукесер көрсетілімге британдық ресми тұлғалар, лордтар мен қауымдастықтар палатасының мүшелері, сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар, шет мемлекеттердің елшілері мен дипломаттары қатысты.

Сонымен қатар, Оксфорд, Кембридж және басқа да британдық жоғары оқу орындарының зерттеушілерінен басқа, кино көрсетілімге  Вена және Нью-Йорк саясаттанушылары арнайы келді.

Фильм көрсетілімінің алдын ала тыңдаушылар алдында Қазақстанның Біріккен Корольдігіндегі Елшісі Е. А. Ыдырысов, БКС төрағасы Руперт Гудман, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтың төрағасы, Қауымдастықтар Палатасының депутаты Боб Стюарт және режиссер Р. Кудояровтың өзі сөз сөйледі.

«Назначенный временем» деректі фильмі Тұңғыш Президент Қорының тапсырысымен Қазақстанның астанасының 20-жылдық мерейтойына орай 2018 жылы түсірілген. 2019 жылы фильм кең шетелдік аудитория үшін әлем халықтарының негізгі тілдеріне аударылып қайталанды.

Сюжеттік желі негізінде – Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа қазақстандық мемлекетті тұрғызудағы ерекше тарихи миссиясы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сын-қатерлер, Қазақстанның нарықтық экономикасы мен үздік инвестициялық климаты бар елге айналуы, сондай-ақ біздің мемлекетіміздің жаңа астанасының құрылысы көрсетілді.

Фильмде жаңа тарих пен жас мемлекеттің халықаралық қалыптасуының маңызды кезеңдерінің– ядролық қарудан бас тарту мен алғашқы сыртқы саяси табыстардан, жаһандық халықаралық іс-шаралар мен көрмелерді өткізуге және Қазақстанның халықаралық бітімгершілік жобаларға қатысуына дейін тікелей қатысушыларының бірегей куәліктері жинақталған.

Фильмді көргеннен кейін, тұсаукесер көрсетілімге қатысушылар деректі фильмнің аса маңызды және қызықты сәттері бойынша пікір алмасты, режиссерге сұрақтар қойып, әсерлерімен бөлісті.

Поделиться: