06.02.2019 | «Сапар шегуге гранттар» байқауы жарияланды

Қандай да бір салада жетістіктерге жету үшін тек қана дарынды, талантты болу жеткіліксіз. Өзіңді дамыту, қабілеттеріңді жүзеге асыру, үнемі өзіңмен жұмыс істеу маңызды.

Байқуларға, фестивальдерге, симпозиумдар мен басқа да көлемді іс-шараларға қатысу ой өрісіңді кеңейуге, шабыт алуға және өз дағдыларыңды жақсартуға мүмкіндік береді.

2008 жылдан бастап Тұңғыш президент Қоры мәдениет пен өнер саласындағы жас таланттарды қолдау бойынша бағдарлама аясында «Сапар шегуге гранттар» байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – жас қазақстандық қайраткерлер мен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан мен шет елдерде өткізілетін фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдерге, шеберлік сабақтарына, биенал және конференцияларға қатыстыру.

Байқаудың өткізілген жылдары ішінде 100-ден астам гранттар бөлінді. Соның арқасында шығармашыл жастардың ең үздік өкілдері өздерін әлемге танытып және жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне ие бола отырып, көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдердің Лауреаттары атанды.

Байқауға 40-қа дейінгі жас шамасындағы жас қазақстандық мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Гранттар келесі үш бағыт бойынша бөлінеді:

– әдебиет, журналистика;

– хореография, музыка, театр, кино;

– бейнелеу өнері, архитектура және дизайн.

Поделиться: