05.09.2019 | Елбасы Қоры жас ғалымдар Кеңестерінің арасында конкурс жариялады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоо-дағы үздік жас ғалымдар Кеңесі атағына дәстүрлі конкурс жариялады.

Конкурс жас ғалымдар Кеңесінің (ЖҒК) қызметін дамытуға септігін игізеді. Оның мақсаты жас ғалымдардың бастамаларын қолдау, сондай-ақ олардың ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

— Тұңғыш Президент Қорының «Үздік жас ғалымдар Кеңесі» конкурсы ТМД кеңістігінде болмаса, еліміздегі жалғыз конкурс болып табылады. ҒЗИ мен ЖОО жанындағы ЖҒК жұмысы көбінесе нәтижесін лайықты бағалаусыз қалып жатады. Елбасы Қорының конкурсы кеңес жұмысының маңыздылығын мойындатып қана қоймай, өз бастамалары жүзеге асыруға гранттық қолдау алуға да мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік өте сирек беріледі, және оны жіберіп алуға болмайды,- деп атап өтті Қорданындағы ғылым бойынша кеңестің мүшесі, философия докторы Ермек Токтаров.

ТПҚ жанындағы ғылым бойынша Кеңес мүшелері және белсенді жұмыс істейтін ғалымдардан тұратын конкурстық комиссия, жеңімпазды анықтау кезінде келесі критерийлерге сүйенеді:

— жас ғалымдар Кеңесінің белсенділігі және жұмыс нәтижелілігі;

— ЖҒК жүзеге асыратын шаралардың ерекшелігі, маңыздылығы және келешегі.

Конкурсқа ұсынылатын құжаттардың ішінде- мақсаты, міндеттері, жұмыстың болжамды нәтижелері, қаржыландыру көлемі мен көздері көрсетілген жас ғалымдар кеңесінің алдағы жылға арналған кеңейтілген жұмыс жоспары бар.

Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен анықталады. Жеңіс, ¾ кем емес дауыс жинаған жас ғалымдар Кеңесіне беріледі.

Үздік ЖҒК диплом және өз қызметін қолдау мен дамытуға грантпен марапатталады.

Өтінімдер 14 қазанға (қоса алғанда) дейін қабылданады.

Ережелермен мына беттен танысуға болады.

Поделиться: