05.05.2018 | ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жас ғалымдарды Жазғы пәнаралық мектепке қатысуға шақырады.

2018 ж. 25-29 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының жанындағы Ғылым бойынша кеңес қазақстандық жас ғалымдар үшін Жазғы пәнаралық мектеп өткізеді. Тақырыбы – «Ғылыми- зерттеу жобаларын басқару мен коммерцияландырудың өзекті мәселелері».

Жазғы мектеп жас зерттеушілер арасындағы әмбебап өзара байланыс алаңы болып табылады, оның аясында қатысушылар әлеуметік-экономикалық ғылымдардағы пәнаралық зерттеулердің заманауи әдістері және технологияларымен танысады, халықаралық рейтингтік журналдардағы саясат жайлы біледі, жетекші сарапшылармен ғылыми жобаларды басқару мен ғылыми-зерттеу іс-әрекетін коммерцияландырудың әр түрлі аспектілерін талқылайды, сондай-ақ өздерінің көшбасшылық потенциалдарын жоғарылатады.

Беделді ғалымдар мен сарапшылармен тығыз ынтымақтастық атмосферасында Мектеп қатысушылары контент талдаудың қолданбалы дағдыларын алып, өздерінің ой-өрістерін кеңейте алады. Іс-шараның форматы әр түрлі ғылым салаларының жас ғалымдарымен тұрақты қарым-қатынасты талап етеді.

мектептің негізгі міндеттері:

  1. Жас ғалымдардың ғылыми потенциалының бәсекеге қабілеттігін арттыру. Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласында, елдегі бәсекеге қабілеттікті және білімге табынуды арттыру секілді стратегиялық бағыттарды дамытудың маңыздылығы аса аталып өткен және білім саласындағы жаһандық бәсекелестікке бейімделген кадрларды даярлау бойынша нақы міндет қойылған.
  2. Жас зерттеушілерге заманауи қоғамның өзекті мәселелерін қарастырудағы көптеген көзқарастар мен тәсілдермен танысу мүмкіндігін беру.
  3. Жұмыс барысында қолданбалы зерттеу құралдарын игеру..
  4. Жаңа байланыстар орнату.

Конференцияға қатысуға жас ғалымдар: ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар шақырылады.

Жазғы мектептің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қатысу шарттары

Қатысуға байланысты шығындар (тамақтану, баспана) ұйымдастырушылар есебінен жүзеге асырылады. Мектептің ұйымдастыру комитеті қатысушыларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Іріктеу, жіберілген сауалнамалардан алынған деректер негізінде жүргізіледі. Мектептің ұйымдастыру комитеті іріктеуден кейін тыңдармандарды қатысуға шақырады.

жазғы мектепке қатысу талаптары

  1. Іріктеуге ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар қатыса алады.
  2. Конкурстық іріктеуге қатысушы келесі критерийлерге сәйкес болуы тиіс:

–  жас шамасы 30 жасқа дейін;

– жоғары оқу орнында, ҒЗИ 3 жылдан кем емес еңбек өтілі;

– докторанттар үшін жоғары үлгерім (транскрипттің болуы).

Жазғы мектепке қатысуға өтінім беру талаптары:

  1. https://goo.gl/forms/6DteaQrjCqB1i3t32 сілтемесі бойынша сауалнаманы толтыру.
  2. Roza@fpp.kz поштасына келесі құжаттарды жіберу:
  • Жұмыс орны бойынша расталған кадрлар есебі бойынша жеке парақша.
  • Докторанттар үшін қазіргі уақытқа транскрипт.
  • Соңғы 3 жылдағы еңбектер тізімі (2.3 форма).
  • Уәждемелік хат *

* Уәждемелік хатта, неліктен сіздің кандидатураңыз комиссия мүшелерін (ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңес) қызықтыру керек екендігін, неліктен Сіз бұл Жазғы мектепке қатысқыңыз келетіндігін, не үйренгіңіз келеді, қандай тәжірибе алғыңыз келеді және не білгіңіз келетіндігін сипаттап жазыңыз. 

Мектепке қатысуға 2018ж. 03 маусым сағат 24:00-ге дейін өтінім беру қажет.

Байланыс ақпараттары:

E-mail: roza@fpp.kz

Тел.: 8(727) 220 92 24,  Едігеева Роза Мақашқызы.

Поделиться: