05.02.2019 | Мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған грант алуға байқау

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылы Қазақстанда өткізілетін Жастар жылы, өскелең ұрпақпен жұмысты жаңа деңгейге шығаруға арналған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры үшін жастардың бастамаларын қолдау мен дарындыларды көтермелеу әрдайым жұмыстағы маңызды басымдықтардың бірі болған.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін бізде арнайы бағдарламалар әзірленген және олардың бірі – мәдениет пен өнер саласындағы жас дарындарды қолдау бойынша конкурстық бағдарлама. Өзі құрылған жылдар ішінде ол елімізде және шет елдерде  біздің өнеріміз бен мәдениетімізді дәріптеген ондаған өзекті жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік берді, сондай-ақ кино, театр, орындаушылық шеберлік, бейнелеу өнері мен көптеген басқа салаларда жаңа қазақстандық жұлдыздардың жануына көмектесті.

1 ақпаннан бастап мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған грант алуға байқау басталды. Оның жеңімпаздарына Қор жаңашыл шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға: фидьмдер құру, көрмелер, концерттер ұйымдастыру және тағы басқаларына гранттар бөледі. Конкурсты өткізген жылдар ішінде Қордың мәдениет пен өнер саласындағы гранттарын 60 адам алды.

 

Поделиться: