04.07.2018 | АХҚО Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірігіп құқықтық мәселелер бойынша Конференция өткізді

Назарбаев орталығында Тұңғыш Президент – Елбасы Қорымен бірігіп «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) ресми таныстыру аясында құқықтық мәселелер бойынша Конференция (ары қарай- Конференция) өтті.

Іс-шара барысында АХҚО Сотының және АХҚО Халықаралық арбитраждық орталығының (ХАО) миссиясы, міндеттері мен қызметтер тізімі таныстырылды. Панельді сессиялардың қатысушылары Сот, ХАО ұсынатын және АХҚО потенциалды және бар қатысушыларына арналған құқықтық жүйенің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Конференция коммерциялық және азаматтық дауларды шешу саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи үрдістерді, сондай-ақ соттық және заңнамалық процедуралар саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға, халықаралық құқық пен арбитраж саласындағы тәжірибелік білімдер мен кәсіби тәжірибе алмасуға арналған алаң болмақ.

АХҚО Сотының төрағасы Лорд Вульф былай деді: «Сот АХҚО-да басты рөлді атқарады. Ол өзінің шексіз тәуелсіздігі, әділдігі, теңдігі мен барлық дауларда түгел құқықтың ұлықтығы принципін қатаң ұстану арқылы инвесторларды қорғауды қамтамасыз етеді. Даулар сотқа дейінгі қарау мен істі дайындаудың ең жоғары халықаралық стандарттарын пайдалану арқылы, сондай-ақ Қазақстанда және халықаралық деңгейде сенімді атқару жүйесінің қолдауымен жылдам әрі тиімді шешілетін болады».

АХҚО ХАО төрайымы  Барбара Доманн QC былай деді: Біздің ХАО-на деген жоспарымыз өршіл. Біз  оны Еуразиядағы азаматтық және коммерциялық дауларды арбитраж немесе медиация жолымен шешуге арналған нөмірі бірінші таңдау еткіміз келеді. Бұл үшін бізге қажеттінің барлығы бар – біртуар арбитрлар коллегиясы, сонымен қатар ең жоғары халықаралық стандарттарды пайдалану. Біз – өте икемді, тиімдіміз және Еуразия аймағының бизнесмендері үшін мінсіз географиялық жерде орналасқанбыз. Біз АХҚО Құқықтық конференциясы біздің бизнеске ашық және осы аймақ үшін, сондай-ақ жалпы дүниежүзі үшін дауларды шешудің әлемдік деңгейдегі қызметтерін көрсетуге дайын екендігіміз туралы айқын белгі жібереді деп үміттенеміз.»

Құқықтық Консультативтік Кеңестің (ҚКК) төрағасы Майкл Блэр QC былай деді: «Құқықтық мәселелер бойынша АХҚО конференциясы – оның қатысушыларына және қалған әлемге жаңа Қаржы Орталығының артықшылықтарын, сонымен бірге орталық үшін 2017 жылдың ішінде құрылған коммерциялық және қаржы қызметтерін реттейтін жаңа құқықтық режимді көрсетудің керемет мүмкіндігі.  Құқықтық Консультативтік Кеңестің төрағасы ретінде, мен АХҚО-да пайдаланылатын АХҚО-ның қабылданған актілерінің сапасымен мақтанамын және мен бұл даму және пайда алу мақсатында коммерциялық және қаржы компанияларын АХҚО-ның бөлігі болуға ынталандыратын нағыз магнит болады деп үміттенемін».

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов былай деді: «Жаңа тәжірибелерді енгізу жалпы Қазақстанның соттық-құқықтық жүйесін дамыту мен байытуға ықпа етеді. Алайда қазақстандық және халықаралық заңнаманы синхрондау мен біріздендіру аясында туындайтын барлық сын-тегеуріндерді ескерген маңызды. Бұл, мысалы АХҚО-ның норма шығарушы қызметін заңды бақылау, сот шешімдерін тікелей орындау және тағы басқа құралдарының құзыреті, тиімділігіне байланысты шиеленістерге жол бермеу бойынша қауіп-қатерлерге қатысты. Біз Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесі үшін батыл әрі өмірлік маңызды жобаны жүзеге асыруды бастадық».

Конференцияға 300-ге жуық қонақ қатысты, оның ішінде министрліктердің, Қазақстандағы шетел елшіліктерінінң, халықаралық арбитраждық орталықтар мен соттардың, үздік заңдық және консалтингтік фирмалар мен қаржы корпорацияларының өкілдері, сондай-ақ АХҚО; АХҚО Соты және ХАО қызметтеріне қызығушылық анытатын  басқа да тұлғалар болды.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Поделиться: