05.07.2018 | Назарбаев орталығында «Жаңа көзқарас» республикалық фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті.

2018 жылғы 5 шілдеде Назарбаев орталығында «Жаңа көзқарас» республикалық фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Фотокөрмеге Астана қаласының арнайы коррециялық мектеп – интернаттарының 17 тәрбиеленушісінің және Алматы қаласының «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жұмыстары ұсынылды. Фотосуреттер фотография өнері жөніндегі белгілі Француз фотографы Эрик Ваззолердің психоневрологиялық ауытқуы және Даун синдромы бар балаларға арналған шеберлік сабағы кезінде жасалды.

Жобаның мақсаты – арнайы фотосурет мектептерінің тәрбиеленушілеріне күнделікті өмірді фотосурет арқылы әңгімелеу. Қатысушылар өз фотосуреттерін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жобаны бастардың алдында сыйлаған фотоаппараттарымен түсірді.

Қор үстіміздегі жылғы мамырда Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен және Француз Альянсымен бірлесіп белгілі француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Фотосуретшінің ерекше балалармен жұмыс жасау бойынша арнайы әдісі жоқ. Алайда Эрик Ваззолер көптеген жылдар бойы осындай балалармен жұмыс істейді. Эрик Ваззолер өзінің кәсіби мансабын 1968 жылы Liberation журналының редакциясында және жастардың Vu агенттігінде бастаған, өзінің шығармашылығын және шеберлік сабақтарын фотосуретші Францияның, Германияның, Польшаның жастарына және бұрынғы КСРО елдеріне арнайды. Фотосуретші әрбір сабағын қызықты, әрі ерекше етіп өткізеді. Балалар фоторепортаж жасау үшін кабинеттерде ғана отырмайды,  көшеге шығады, парктерде серуендейді.

2017 жылы «Жаңа көзқарас» фотокөрмесінің пилоттық жобасына Алматы мен Қарағанды қалаларының көздері нашар нашар балаларға арналған арнайы мектеп интернаттарының 20 тәрбиеленушісі қатысты.

Фотокөрмені ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов ашты. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің Мәдениет жөніндегі атташесі Андре Бэльвэр сөз сөйледі.

– Жас фотографтардың қызығушылығы зор, оларға Эриктен тәлім-тәрбие алу өте ұнайды. Балалар жаңа білімдер алуға құштар. Біздің жобамыз әлеуметтік бейімделуге және психоневрологиялық ауытқуы және Даун синдромы бар балаларды фотоөнер әлеміне ынталандырып  біріктіруге және ерекше балалардың бірегейлігін және алуан қырлылығын көрсетуге бағытталған. Осындай жобалардың арқасында ерекше қажеттілікке мұқтаж балаларға коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік пайда болады. Олар қоғамға біртіндеп ауырсынбай кірігеді, деді Сұлтан Айтжанов.

Поделиться: