04.03.2019 | «Жас ғалымдарға арналған бизнес-тренинг»

Тұңғыш Президент – Елбасының Қоры қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жас ғалымдар Кеңесі «Жас ғалымдарға арналған бизнес-тренинг» ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты заманауи ғылымның өзекті мәселелерін талқылау мақсатында жас ғалымдардың өзара әрекеттесуіне арналған платформа құру болып табылады, әсіресе оқыту семинарының модуліне ғылыми баяндамаларды дұрыс құру, ғылыми жобаларды коммерцияландыру, уақытты жоспарлау құралдарын меңгеру, өнімді сәтті сату бойынша лайфхактар, сондай-ақ командада жұмыс істеуге үйрету кіреді.

Бұл тренинг бір алаңда әр түрлі ғылыми бағыттардағы жас ғалымдарды – тарихшыларды, заңгерлерді, математиктер мен инженерлерді жинауға мүмкіндік берді. Олардың бәрі өзінің ғылыми жобасын құруға және оны одан әрі коммерцияландыруға қажетті жеке тиімділікті, ішкі мотивацияны арттыру дағдыларын меңгерді.

Поделиться: