03.12.2019 | Елбасы Қорының шәкіртақы иегері беделді балет байқауында күміс жүлдегер атанды

Тұңғыш Президент Қорының шәкіртақы иегері Богдан Вербовой World Ballet Grand Prix Moscow халықаралық балеттік байқауында II дәрежелі лауреат атанды.

Біз әрқашан талантты шәкіртақы иегерлерінің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Бұл жолы өз елі үшін күміс медальді А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенті Богдан Вербовой алып келді.

Богдан училищенің түлегі, осы жылы үздік оқуы мен белсенді шығармашылық қызметі үшін Қордың жылдық шәкіртақысына ие болды. Мұғалімдер оның оқуға, жаңалықтарды игеруге және жеңуге деген құштарлығын атап өтеді. Біздің стипендиат Халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты.

World Ballet Grand Prix Moscow – бұл Ресейдің ең көне жетекші оқу орны – Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы қабырғасында өтетін беделді халықаралық балет байқауы. Селезнев атындағы АХУ алғаш рет осы күрделі жарысқа қатысты.

Байқауға 10-21 жас аралығындағы сегіз елден 98 қатысушы қатысты. Училищенің көркемдік жетекшісі Людмила Ли Богданға дайындықта оңай болмағанын – ойға алғанның барлығын бірдей жүзеге асыра алмағанын айтады.  Ол түсінікті де: толқу, жаңа залдан өзі үшін жат сезім, өткізіліп жатқан іс-шараның мәртебесінің жоғарылығы да бар.  Алайда, қазылар алқасы мүшелерінің қолдауы және олардың ұсыныстары арқасында Богдан барлық қорқынышты жеңіп шықты. Жас қазақстандықтың өзіне сенімді және мәнерлеп сырғанауы оған екінші орын мен күміс медаль сыйлады.

Богдан Вербовойды және Алматы хореографиялық училищесін осы жеңісімен құттықтаймыз және жаңа белестерді бағындыра беруді тілейміз!

 

ҚР Тұңғыш Президенті –

 Елбасы Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

Поделиться: