03.07.2019 | Astana Finance Days аясында ««Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы құқығы: дамудағы алдағы қадамдар» атты АХҚО-ның құқықтық мәселелер бойынша конференциясы өтті

Іс-шара «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (әрі қарай – АХҚО) юрисдикциясына және оның дамудағы алдағы қадамдарына арналды.

Конференцияға Baker & McKenzie, White & Case, Norton Rose Fulbright, Curtis Mallet-Prevost сияқты жетекші халықаралық заң фирмаларының өкілдері, елшіліктер мен университеттердің өкілдері, профессорлар мен адвокаттар қатысты.

Қонақтар беделді халықаралық сарапшылармен, соның ішінде құрметті авторлармен, судьялармен және заңгер мамандармен конференция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылады. Олардың ішінде  АХҚО сотының төрағасы Лорд Вольф, АХҚО Халықаралық Арбитраж Орталығының төрағасы, корольдік адвокат Барбара Доман, АХҚО Құқықтық Консультативтік Кеңесінің төрағасы Майкл Блэр болды.

Спикерлер АХҚО құқығының соңғы өзгерістерін және АХҚО-ның құқықтық ерекшеліктерін түсіндірді. Сондай-ақ, АХҚО құқығын қолданудың практикалық аспектілері және АХҚО дамыту шеңберінде теңіз және көлік құқығы саласындағы бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Англия мен Уэльстің құқық принциптері негізінде жұмыс істейтін АХҚО Сотына ерекше назар аударылды. АХҚО соты туралы жалпы және континенталдық заңдардың конвергенциясы ретінде талқыланды. Спикерлер Еуразиядағы және одан тыс жерлердегі бизнесті дамыту құралы – Халықаралық арбитраждық орталықта дауларды шешудің балама маңыздылығын атап өтті.

АХҚО туралы

2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейде қаржы қызметтерінің жетекші орталығын құру болып табылады.

АХҚО мақсаты – отандық қаржы қызметтері саласына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету үшін тартымды ортаны құру арқылы ел экономикасына инвестиция тарту.

Поделиться: