03.06.2019 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Асет Исекешев Назарбаев университеті магистранттарының бітіру салтанатына қатысты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистрант-студенттерінің бітіру салтанатының құрметті қонағы болды.

Жоғары мектептің 49 түлегі өздерінің армандаған дипломдарын қолдарына алды. Оның қызметінің ерекшелігі, мұнда әлем бойынша үздік мемлекеттік саясат мектептерінің негізгі компоненттерінен тұратын инновациялық оқу әдістерінің қолданылуы болып табылады. Кәсіптік білім экономика, саясаттану, халықаралық қатынастар, басқарудағы тәжірибелік бейімделуге бағытталып беріледі. Көшбасшылық дағдыларға оқытуға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ мектеп жұмысының аясында 2017 жылы іске қосылған мемлекеттік саясат саласындағы PhD бағдарламасы бар. Ол академиялық мансапқа немесе зерттеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүдделі адамдарға арналған.

Түлектерді беделді жоғары оқу орнын аяқтауымен құттықтаған Әсет Исекешев: «Сіздер еліміз үшін маңызды уақытта университетті тәмамдадыңыздар. Қазір Қазақстанда экономика, әлеуметтік сала, аймақтық саясат және мемлекеттік басқару жүйесінде жаңғырту мен реформалар жүргізіліп жатыр. Ал оны сәтті жүзеге асыру үшін бізге мемлекеттік басқарушылардың жаңа буыны қажет. Елбасы  Н.Ә. Назарбаев бұл туралы үнемі айтады. Сауатты бақарушыларсыз, өз істерінің мамандарынсыз мықты мемлекет құру мүмкін емес. Сіздердің мемлекеттік қызмет жүйесінде лайықты орын алып, оқу барысында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді еліміздің игілігі үшін сәтті қолдана алатындарыңызға сенімдімін», – деді.

Өз кезегінде Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу жастарды жаңа білімге әрдайым ұмтылып, патриот болуға шақырды: «Біздің университет сіздерге қажетті білімдер, дағдылар берді деп үміттенемін, бірақ оқуды жалғастырыңыздар! Өздеріңізге қызметтеріңіздегі жаңалықтар туралы сұрақтар қойыңыздар. Жалақы маңызды, бірақ басқа да мотивация  бар. Қоғамның дамуына үлес қосу қажет…».

Жалпы биылғы жылы оқу орнын 963 студент бітірді. Оның 565-і  бакалавриат бағдарламалары бойынша, 378-і магистратура бағдармалары бойынша, 14 медицина докторлары (MD) және 6  PhD докторантура бағдарламалары бойынша.

Поделиться: