02.09.2019 | Алматыда IV «Baiqonyr International Short Film Festival» өткізіледі

Алматыда 4-8 қыркүйек күндері қысқаметражды фильмдерді түсірушілер мен бағалаушылар үшін дәстүрлі шараға айналған IV «Baiqonyr International Short Film Festival» өтеді.

Ол осымен үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Фестиваль өзінің тұрақтылығы мен әлеуметтік маңыздылығын дәлелдей келе, сәтті шығармашылық жоба ретінде Қордың грантына ие болды.

Биыл Baiqonyr кинофестивалі халықаралық мәртебеге ие болды. Оған ТМД елдерінен 80-нен астам өтінім келіп түсті, алайда 11 картина ғана халықаралық байқауға жолдама ала алды.

Ұлттық байқауға қазақстандық кинематографистер жіберген 170 өтінімнен 22 жұмыс ұсынылды. Іріктеуді Ержан Жұмабеков, Бекжан Байгенжеев және режиссер Олжас Исаевтан тұратын комиссия жүзеге асырды.

Бас серіктес Kinoplexx Theatres. Ұйымдастырушы – «Бродвей» кинопорталы.

4-Baiqonyr ISFF толыққанды және конкурстан тыс қызықты бағдарламамен қатысушылар мен қонақтардың есінде қалады. Бірнеше күнде кинофестиваль алаңында «Қазақфильм» жанындағы «Дебют» ШӨБ түсірген қысқа метраждардың тұсаукесері өтеді, сондай-ақ астаналық Ushqyn студенттік кино ХКФ үздік фильмдерін көрсетеді. Көрермендер үшін конкурстан тыс «Оберхаузен» бағдарламасы арнайы сый ретінде болмақ. Оның барысында қонақтар ескі неміс кинофестивалінің қысқа метражды фильмдерін тамашалайды.

Baiqonyr кинофестивалінің қазылар алқасы ерекше атауға лайық. Халықаралық байқауды бағалайтын ұлттық алқа төрағасы ретінде Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің «Алтын Георгий» иегері, режиссер Фархат Шарипов келеді. Онымен бірге жеңімпаздарды оператор Азамат Дулатов пен продюсер Диана Әшімова таңдайды.

Қазақстандық қатысушылардың жұмыстарын халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Олардың қатарында «Oberhausen International Short Film Festival» төрағасы, режиссер және іріктеуші Кристиана Бюхнер, ТМД елдерінің «ҮMYT» жас кино форумының бағдарламалық директоры Гүлбара Толомушова, «Eurasian Creative Guild Film Festival» директоры Майра Қарсақбаева, режиссер және сценарист Серік Апрымов, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин және продюсер Данияр Ибрагимов бар.

Көрсетілімдерден басқа, қонақтар мен қатысушыларды оператор Азамат Дулатов пен режиссер және продюсер Серік Әбішевтың «Тұран» (Сәтпаев к-сі 16 А) университетінде өтетін шеберлік сабағы күтеді.

IV Baiqonyr International Short Film Festival екі конкурстық бағдарлама бойынша жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 қыркүйек күні «Kinoplexx Sary Arka»  өтеді.

Кинофестивальдің барлық көрсетілімдері «Kinoplexx Sary Arka» өткізіледі. Кіру тегін.

Аккредитациялау:

Айдана Мамаева

8 (775) 321-46-43, info@brod.kz

http://baiqonyr.brod.kz/

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: