02.07.2018 | Еуропада интернационалдық балабақша тәрбиленушілері астананың ерекше архитектурасын көрді!

Еліктіретін Шарын каньоны, қазақтың жазық далалары мен Астананың басты бренді- Бәйтерек. Бухарест қаласының тұрғындары мен қонақтары «Undiscovered Kazakhstan» және «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» фотокөрмелерінде еліміздің табиғат пейзаждары мен астананың зәулім ғимараттарына баға бере алды. Мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің экспозициясының арқасында барлық адамдарға бұйырды.

Қазақстан бойынша саяхат билеті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Астананың 20-жылдық мерейтойына орай Бухарест қаласына әкелген фотокөрмесі болды. Румыния тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның беймәлім түпкірлері мен ару Астана бойынша ерекше экскурсия жүргізілді!

«National Village Museum in Bucharest» этнографиялық мұражайында өткен фотокөрменің арқасында ондаған адамдарға қазіргі Қазақстанға және  елдің бас қаласының жетістіктеріне басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» астананың жетістіктерін көрсетеді.

Келушілердің көп қызығушылығын тудырған Астананың басты бренді – Бәйтерек болды. Сондай-ақ Бейбітшілік пен келісім сарайы, Хан – Шатыр және Назарбаев орталығының суреттері ұмытылмас әсер қалдырды. Онымен қоса, «Undiscovered Kazakhstan» ерекше суретінің арқасында Бухарест тұрғындары Қазақстанды жаңа қырынан көріп, республика табиғатының әсемдігі мен алуан түрлілігін бағалады.

– Бай табиғаты, көркем далалары мен ежелгі аңыздарға бай ретінде шетелдік көрерменнің Қазақстаннға назарын аудару мақсатындағы көрме Астананың 20-жылдық мерейтойын тойлауға орай жүргізіліп жатқанының мәні бар. Астананың мерейтойы – республикалық, сондай-ақ халықаралық көлемдегі оқиға. Қазақстанның астанасы – біздің тәуелсіздігіміздің салтанаты. Астана – болашаққа ұмтылу символы деп сеніммен айта аламыз. Сонымен бірге біз Румыния тұрғындары ерекше фотожобаның арқасында біздің елімізді өздері үшін жаңа қырынан ашатынына мол сенімдеміз, деп бөлісті Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Көрме қонақтары Румынияның Парламент депутаттары, Үкімет, дипломатиялық корпус, бизнес шеңберлерінің өкілдері болды. Олар Астананың халықаралық дипломатия мен бітімгершілік, заманауи технологиялар мен инновацияларды дамыту орталығы ретінде белсенді рөлін атап өтті.

Алайда фотокөрменің басты келушілері ең жас бүлдіршіндер болды. «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» және «Undiscovered Kazakhstan» фотокөрмесіне ЕУРОПАДАҒЫ БІРІНШІ ҚАЗАҚ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ КЕЛДІ. Ол Румынияда тұратын біздің кішкентай отандастарымыз үшін арнайы ашылған. Бұл тек қазақ балалары емес, сонымен қатар жергілікті балалар да тәрбиеленетін гүлденіп келе жатқан балабақша. Бұлдіршіндерді Қазақстанның ерекше табиғат байлығы мен Астананың жиырма жыл ішіндегі жетістіктерін көрсететін жарқын жұмыстармен таныстырды. 

Сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің көмегі мен қолдауымен елдің тұрғындары үшін турларды бастады. Енді кез келген келем деуші адам жыл ішінде Бухарестке келіп «Undiscovered Kazakhstan» және «Астана – ұлы дала інжу-маржаны» фотокөрмелерін көре алады.

«Астана – ұлы дала інжу-маржаны»  және «Undiscovered Kazakhstan»  фотокөрмесінде жоғары өнерді бағалаушылар үшін Тұңғыш Президент Қорының атынан сыйға берілген ерекше фотоальбом нағыз тосынсый болды. «A day in Astana» фотоальбомы астананың 20-жылдығына орай арнайы Қордың тапсырысы бойынша шығарылды.  Фотоальбомдарды Румыния Парламентінің депутаттар палатасының спикері Флория Йордакаға және Дмитрий Густи атындағы ауылдың ұлттық мұражайының директоры Паулина Попоюға табыстады.

Іс-шара қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауға «Роксонаки» танымал этно-рок тобының орындауындағы дәстүрлі қазақ әуендерімен синтезделген ежелгі түрік саздарының тылсым әлемі көмектесті. Музыканттар фотокөрме қонақтарын ықылассыз қалдырмады және Қазақстанды одан да жақынырық тануға көмектесті. 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Алтынай Аманбаева

+7 (727) 220-92-16, +7 (701) 506-62-02

a.amanbayeva@fpp.kzwww.fpp.kz

Поделиться: