02.04.2019 | Қазақстан мен Оңтүстік Корея ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды

2019 ж. 3 сәуір күні сағ. 9:30-да ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты Оңтүстік Кореяның ең ірі коммерциялық емес ұйымы болып табылатын Корей қорымен бірлесіп «Корей түбегін денуклеаризациялау. Жаһандық мәселерді шешудегі Қазақстанның антиядролық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Шара мақсаты – ғаламдық ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылау, сонымен қатар, Корей түбегінде туындаған дағдарысты шешу жолдарын іздестіру, және де ядролық қарусыздандырудағы Қазақстанның бірегей тәжірибесін талқыға салу.

Шараға ҚР Тұңғыш Президент Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Корей қорының президенті Ли Сихён, ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик және басқа да қазақстандық әрі корейлік сарапшылар қатысады.

Бүгінгі таңда ғаламдық қауіпсіздік мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Сарапшылардың пікірінше, ядролық қаруы бар алпауыттар арасындағы қырғи-қабақ қарым-қатынас пен сенімсіздік соңы дағдарысқа ұласып отыр. Бұған «ядролық клубтың» кеңеюі мүмкіндігі де себеп. Өйткені кей елдер ядролық арсенал иемденуге талпынуда. Мұның жарқын көрінісі ретінде бүгінде дүниежүзілік БАҚ пен саясаткерлер, сарапшылардың назарын өзіне аудартқан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруын айтуға болады.

Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қ., The Ritz-Carlton, Достық к-сі 16, «Ballroom-1» залы

Поделиться: