01.06.2018 | «Сенің жаңа қырың» спорттық акциясын астаналық футболшылар қолдады

ҚР Тұңғыш Президент Қорының «Сенің жаңа қырың» челленджінің видеосын осы жерден көруге болады https://drive.google.com/file/d/1dwtQaCOOrqWSU9_KJYIUkpfuCYFvvvqI/view

Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында «Сенің жаңа қырың» республикалық челленджін қолдау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті Қорының футбол командасының ойыншылары Ақмола облысы Ақкөл ауданының Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол бойынша жаттығулар мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Спорттық іс-шара жаппай жаттығудан басталды, оны ҚР Тұңғыш Президенті Қорының футбол командасының жаттықтырушысы, Қазақстанның футбол бойынша чемпионы, ҚР спорт шебері, бірінші лигадағы «Қазақстанның 2012 жылғы ең үздік футболшысы» Дидар Сыдықбек өткізді.

Одан кейін футбол және футбол фристайлы бойынша шеберлік сабағы өтті, онда балаларға футболды кәсіби ойнауды, әлемдік футбол жұлдыздарының фирмалық айлаларының құпияларын ашты. Қазақстанның Футбол фристайлы федерациясының  спортшылары Ернұр Аманбаев және Нұрсұлтан Қайыржан өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Мотивациялық кездесу барысында балалар «Астана» ФК ойыншылары Дияр Жүгініс пен Артем Цоймен, ҚР Тұңғыш Президент Қорының футбол командасының легионері Виктор Нвалор Окечуумен суретке түсті.

Балалардың өтініші бойынша жас футболшылар мен астаналық спорт майталмандарының арасында жолдастық матч өткізілді.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының футбол командасының жаттықтырушысы Дидар Сыдықбек: «Сенің жаңа қырың» спорттық ациясының мақсаты – дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Мемлекет басшысы бұл бастамаға қолдау көрсетті. Акция аясында бүкіл Қазақстан бойынша атақты спортшылар, мәдениет қайраткерлері ашық жаттығулар өткізуде. Олар өздерінің үлгісімен қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырады. Біздің команда да осы акцияны қолдауды және оны Астанада емес, шағын ауданда бастауды ұйғарды. Спортта шек жоқ. Қазақстанда балалар спорты жақсы дамып келеді, сонымен бірге инклюзивтік спорттық тәрбиелеуге де көңіл бөлу қажет. Таяуда  ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры екінші республикалық балаларға арналған паралимпиялық старттарын өткізді. Бүгін біз балаларға арнаған шеберлік сабағын  өткізу үшін келдік. Біздің кездесуіміз Ақкөл ауданының жас футболшыларына жақсы уәждеме болады деген сенімдеміз».

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының футбол командасы Астана қаласындағы барлық футбол сүйер қауымға 21 күн бойы ашық сабақ өткізеді.

Балалардың айтуынша, «Бір алаңда кәсіби спортшылармен доп ойнау өте қызықты болды. Біз бар күшімізді салып ойнадық және ойынның соңында астаналық футболшылар бізді мақтады. Тамаша болды», деп бөлісті өздерінің әсерімен жас футболшылар.

Іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атынан Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етумен аяқталды. Балаларға спорттық жабдықтар мен спорт киімдері тарту етілді.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі

Исабаева Айнұр, тел. 8 7172 708 367, www.fpp.kz

Поделиться: