01.03.2019 | Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығын тағайындауға өтінімдер қабылдай бастағанын жариялайды.

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығы:

– ядролық қаруды таратпауға, қарусыздануға, ядролық қорларды қысқартуға және жоюға, ядролық сынақтарды тоқтатуға, ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалануға қосқан зор үлес үшін;

– бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен біркелкі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызмет үшін беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ отандық, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдар Сыйлықты тағайындауға кандидат бола алады.

Отандық, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардың Сыйлықты алуға ұсынылу құқығы бар.

Өтінімдерді ұсыну Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының интернет-ресурсында электрондық нысанда жүргізіледі. Онда ізденушінің анкеталық деректері, азаматтығы, жұмыс орны немесе кәсібі, ғылыми дәрежесі, ғылыми немесе құрметті атағы (бар болса) және ізденушінің қосқан зор үлесін және (немесе) белсенді қызметін растайтын өзге де ақпарат көрсетіледі.

Назарбаев сыйлығын тағайындауға өтінімдер: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 1 мекенжайында және/немесе prizeworld@fpp.kz электрондық мекенжайында 2019 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қабылданады.

Назарбаев сыйлығын тағайындау мәселесі бойынша қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 708 292 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қосымша:

Поделиться: