01.02.2019 | «Туған жер: Қазақстанның ұлы мұрасы» идеясынан жобаға

Алматы қ. «Туған жер: Қазақстанның ұлы мұрасы» жобасының тұсаукесері өтті. Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының 2018 жылғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы болып табылады.

«Әлеуметтік инновациялардан қоғамның жаңғыруы, әлеуметтенуі және дамуына дейін» жәрмеңкесі мәдени мұраны сақтауға, мәдени құндылықтарды құруға, өскелең ұрпақты ұлттық мәдениет көздеріне тартуға, олардың бойынша рухани және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, мәдени салт-дәстүрлерге қызығушылығын оятуға және дамытуға бағытталған.

Жоба аясында «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы еліміздің табиғи және тарихи-мәдени көріктіжерлері туралы танымдық сюжеттер түсіру мақсатында қазақстанның қалалары мен облыстары бойынша патриоттық медиа-автожарыс ұйымдастырды.

Тұсаукесер барысында ҚР Тұңғыш Президенті Қорының өкілі Г.Ершиманова былай деді: «Жоба Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында баяндалған идеяларын таратуға ықпал ететіндігімен маңызды. Бұл жобаны жүзеге асыра отырып, мынандай мақсат қойылады- қоғамда патриотизмді, өз тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және рухани құндылықтарды нығайту».

Түсірілім тобы Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Көкшетау және Алматы облыстарында болып қайтты. Қазақстанның ұлы мұрасы жайлы 30 телевизиялық сюжеттер түсіріліп құрылды. Авторлар Ақыртас орда кешені, Айша бибі және Қарахан мавзолейлері, Бекет-ата мешіті, шарлар алқабы, сарайлар алқабы, ежелгі Испиджаб, Сауран, Отырар, Түркістан қалалары туралы айтып берді. Сюжеттерді құруға сегіз айдан астам уақыт жұмсалды.

Қажетті ақпаратты танымал археологтар, этнографтар, дінтанушылар мен мәдениеттанушылар берді. Ғалымдар мен қоғам қайраткерлері: К.Байпақов, Н.Байтенов, А.Көшім, К.Бегалинов, И.Камалдинов және көптеген басқаларының сұхбаттары жазылды. Материалдар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде шығарылды.

Жоба «Сарайлар алқабы, «құлаған» жер және қазақтың Аризонасы…» үздік сюжеті үшін туризм саласындағы бірінші ұлттық «National Tourism Awards» сыйлығының Дипломымен марапатталды.

Қазіргі таңда жобаның қатысушылары Алматының мектептері мен жоғарғы оқу орындарында сюжеттердің толық нұсқасын көрсетумен ашық дәрістер ұйымдастыруда.

Поделиться: