Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

12 желтоқсанда 2008 жылы сағ. 18:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулер мен жаңашылдығы және дарындылығымен ерекшеленген шығармашылық жұмыстары үшін жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері арасында 2008 жылдың қыркүйек айында жарияланған байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар да анықталды.

Байқауға 80-ге жуық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар ұсынылды. Қазақстандық белгілі ғалымдар мен көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған сараптау комиссиясы 11 жұмысты таңдап алды. Сараптау комиссиясы қазақстандық жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарының ғылыми-тәжірибелік, шығармашылық әлеуеті жоғары екендігін атап өтті, ал бірқатар ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері халықаралық қазақстандық патентпен қорғалған және тіркеу куәлігі берілген.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, белгілі ғалымдар, мәдениет және өнер, қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының жеңімпаздарына кеуделік белгі, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Фото: Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының ғылым мен техника саласындағы жеңімпаздары

 

Номинация: Физика, математика, инженерлік ғылымдар

Гусев Максим Николаевич – Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Атом реакторлары материал<>дарынық радиациялық морртауын алдынөала болдырмау үшін жаңа ғылыми-технологиялық әдісті қолдану ».

Сыйлық атомдық реакторларда радиациялық ықпалға ұшыраған болат және өзге де металл құрылғылардағы бұған дейін белгісіз болып келген әсерді анықтағаны үшін берілді. Бұл жаңалық Маңғыстау атом-энергетикалық кешенінде ядролық реакторды жобалау барысында қолданылды.

Оршүбеков Нұрбек Әбубекұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Жоғары ретті параболалық теңдеулерге қойылған қисынды және қисынды емес шекаралық есептерді шешудің жаңа әдістемесі».

Сыйлық шартты-қисынды есептер теориясын зерттеуге қосқан үлесі үшін берілді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу өнеркәсібінде және өткізудің химиялық технологиялары саласында кеңінен қолданылуда.

Номинация: Химия, технология, техникалық ғылымдар

Корулькин Дмитрий Юрьевич – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан өсімдіктерінен негізінде биологиялық белсендік спектрітең тиінділігі жоғары отандық фитопрепараттар сериясын жасау және енгізу»

Сыйлық қабынуға қарсы, жараны жазатын және вирусқа қарсы тиімділігі жоғары екі түрлі жаңа дәрі-дәрмекті жасап, медицинада қолдануға енгізгені және осының негізінде дәрі-дәрмек түрлерінің желісін жасағаны үшін берілді. Бұл препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен медицинада қолданылуда және республика аумағында өндірістік тұрғыда шығарылуда.

Номинация: Медицина және биология

Ғазалиева Меруерт Арыстанқызы – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының докторанты, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Бериллий өндірісіндегі жұмыскерлердің тініс алу жүйесіне еңбектің әсер етуі».

Сыйлық Қазақстан Республикасының металлургиялық кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың тыныс алу жүйелерінің ауруларын емдеудің және ерте диагностика қоюдың мүлдем жаңа иммунобиохимиялық әдісін ойлап тапқаны үшін берілді. Аталған тәсіл Үлбі металлургия комбинатында көптеген жылдар бойы сынақтан өткізілді.

Номинация: Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар

Фазылжанова Анар Мұратқызы – А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Лексика-фразеологиялық бірліктерді лексикографиялаудың теориясы мен тәжірибесіндегі жаңартпалар (лат. innоvation): «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан Онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігіндегі» авторлық сөздік мақалалар».

Сыйлық дұрыс жазу өлшемдерін анықтау мен насихаттау, қазақ сөздерінің, фразеологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің сан түрлілігі мен мағыналық және реңктік байлығын, көркемдігін көрсету барысында жүргізілген лексикографиялық іргелі зерттеулері үшін берілді.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының мәдениет пен өнер саласындағы жеңімпаздары

Номинация «Музыка өнері»

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы:

Аида Кәрімқызы Аюпова – скрипка

Ермек Мәлікұлы Құрманаев – виолончель

Сыйлық жоғары орындаушылық өнері және сирек орындалатын шығармалардан берген концерттері үшін берілді.

Номинация «Театр өнері»

Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық драма театрының жастар ұжымы:

Әбдірахманова Ақмарал Иманәліқызы

Әбжалов Ербол Ермекқызы

Балтабаева Айсұлу Ахметбекқызы

Қалиев Нұрлан Аманкелдіұлы

Медетов Мият Оразбекұлы

Мұсанова Құралай Аманжолқызы

Нығыманов Руслан Зекенұлы

Оқасов Бекболат Қабиденұлы

Сыйлық «Отырардың күйреуі» қойылымы үшін берілді.

Номинация «Кинематография»

Төлеуова Ақтолғай Ақанқызы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры» грантының иегері, «Евразия» халықаралық кинофестиваліне қатысушы.

Сыйлық «ШОҚ» көркем фильміндегі авторлық және режиссерлік жұмысы үшін берілді.

Номинация «Журналистика, радио және телевидение»

Айгүл Мүкей Әдиятоллақызы – «Хабар» агенттігі» АҚ журналисі

Сыйлық «Алға Қазақстан» документалды фильмі үшін берілді.

Номинация «Эстрада және цирк өнері»

Пикулева Анастасия Юрьевна – Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі, жас орындаушылардың халықаралық байқауларының жеңімпазы.

Сыйлық қазіргі заманғы композиторлардың шығармаларын өзіндік нақышпен орындағаны, жоғары орындаушылық шеберлігі және дауыс ерекшелігі үшін берілді.

Номинация «Кітапхана ісі»

Грицинина Инна Васильевна – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасының зерттеулер бөлімінің меңгерушісі.

Сыйлық жоғары кәсіби біліктілігі, кітапханашылардың біліктілігін көтеру жөніндегі практикалық және ғылыми-әдістемелік шаралар кешенін жасағаны үшін берілді.

 

Поделиться: