ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫМЕН ГРАНТТАРДЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ ғылым, технологиялар мен техниканы дамытуда басты бағыттар бойынша жас ғалымдармен Қазақстан Республикасының негізгі жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу мақсатымен гранттарды алуға байқау жариялайды.

Байқауға ғылым мен техниканың басты бағыттары бойынша ғылыми мәселелерді шешу жөніндегі зерттеулерге белсенді қатысатын, жоғары оқу орында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар, 40 жасқа толмаған жас ғалымдар, ғылым кандидаттары мен докторлары, аспиранттар қатыса алады.

Гранттар жыл сайын келесі білім салалары бойынша іргелі ғылыми зерттеулерді өткізу үшін шығындардың қаржыландырылуына бөлінеді:

(01) Математика, механика, техникалық және инженерлік ғылымдар.

(02) Физика және астрономия, экология, табиғатты тиімді түрде пайдалану және Жер туралы ғылымдар.

(03) Химия, жаңа материалдар және химиялық технологиялар.

(04) Медицина, биология, ауыл шаруашылық ғылымдар және биотехнологиялар.

(05) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

Байқауға қатысу үшін өтініштер 2008 жылдың 21 ақпанынан 10 сәуірге дейін қабылданады.

Положение о гранте в формате Word скачать 

Байланыс:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры,
Мекен-жайымыз: 050013, Алматы қ-сы, Республика алаңы, 13
Телефондарымыз: (727) 272 30 91, факс: (727) 272 30 94
E-mail: temp1@iimp.kz

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫМЕН ГРАНТТАРДЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін жас ғылымдардың ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға және семинарларға қатысуға арналған «Сапарға арналған грант» атты грантты алу үшін байқау жариялайды.

Байқауға жас ғалымдар, ғылыми дәрежесі және штаттық орындары бар университеттердің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері және PhD-докторанттары қатыса алады. Өтініштер Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін конференциялар мен симпозиумдарға қатысуға шақырылған Қазақстан азаматтарынан қабылданады.

Байқауға келесі басты бағыттар бойынша өтініштер қабылданады:

(01) Математика, механика, техникалық және инженерлік ғылымдар.

(02) Физика және астрономия, экология, табиғатты тиімді түрде пайдалану және Жер туралы ғылымдар.

(03) Химия, жаңа материалдар және химиялық технологиялар.

(04) Медицина, биология, ауыл шаруашылық ғылымдары және биотехнологиялар.

(05) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

Байқауға қатысу үшін өтініштер 2008 жылдың 21 ақпанынан 10 сәуірге дейін қабылданалы.

Положение о гранте в формате Word скачать 

Байланыс:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры,
Мекен-жайымыз: 050013, Алматы қ-сы, Республика алаңы, 13
Телефондарымыз: (727) 272 30 91, факс: (727) 272 30 94
E-mail: temp1@iimp.kz

ЖАРАТЫЛЫС, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК СТДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ студенттердің жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдары бойынша ең үздік ғылыми жұмысына Республикалық байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты – кәсіби дамудағы студенттердің өнерпаздық қабілеттігін ашу және студенттерді қолдау үшін ұйымдық жағдайды тұғызып, соның негізінде Қазақстан Республикасының интеллектуалдық потенциалын сақтап, орнына толтыру, Қазақстанда жастар ғылымын ары қарай дамыту, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатымен жоғары оқу орындарды ынталандыру.

Байқауға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдар (үш адамнан артық емес) қатыса алады.

Байқауға келесі басты бағыттар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары қабылданады:

(01) Физика және математика.

(02) Химия, химиялық технологиясы, техникалық және инженерлік ғылымдар.

(03) Биология және медицина.

(04) Жер туралы ғылымдар, экология және ауыл шаруашылық ғылымдары.

Поделиться: