Smart Zholy бағдарламасы

Программа Smart Zholy

Smart Zholy бағдарламасы – жас қазақстандық бағдарламашылар мен стартаперлерге арналған бағдарлама.

Бұл жоба арқылы жас IT-мамандар өз стартаптарын жетекші азиялық венчурлық қорларға ұсына алады, сондай-ақ халықаралық компаниялармен бірлесіп жаңа инновациялық өнімдер мен сервистер құра алды.

Smart Zholy бағдарламасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Оңтүстік-Шығыс Азияның Echelon Asia Summit жетекші компаниясының стартап-алаңында іске асырылады.

Бағдарлама 2017 жылы іске қосылды – бірінші кезеңде Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалалары қамтылды.

2018 жылы бағдарлама 14 облыстық орталықта, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларына таратылды.

Бағдарлама аясында конкурстық негізде таңдап алынатын 20 қазақстандық команда өздерінің стартаптарын дамыта отырып және Қазақстанда дамытуға және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығуға потенциалы бар өнімдерді жасай отырып, әлемдік деңгейдегі сарапшыларға қол жеткізеді.

Бағдарламаға қатысу тегін. Оған Қазақстан Республикасының 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады, команда құрамы ағылшын тілін жетік білетін 2-5 адамнан тұру керек.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінім нысанын толтыру қажет және smartzholy@fpp.kz электрондық пошта арқылы жіберу қажет, онда міндетті түрде ағылшын тілінде келесі мәліметтер болуы тиіс.

  • команданың атауы;
  • команданың көшбасшысы;
  • командаға қатысушылар.

Командаға қатысушылар:

  • ФАӘ;
  • туған жылы;
  • паспорттық мәліметтері;
  • тұратын мекенжайы;
  • байланыс мәліметтері;
  • оқу/жұмыс орны;
  • дайын стартаптың болуы және корпоративтік сектордан тапсырма алуға дайындығы;
  • ағылшын тілін жетік білуі;
  • ІТ-жобаларға қатысу тәжірибесі болуы/болмауы;
  • тәжірибесі болатын болса – іске асырылған немесе іске асырылатын ІТ-жобалардың сипаттамасы;
  • команданың көшбасшысына қосымша толық түйіндеме ұсынылады.

2018 жылғы жоба жеңімпаздары сәуір айында анықталды.

Келесі жылы конкурсқа қатысу үшін келесі ұйымдастырушы өкілдеріне хабарласуға болады:

Дүйсембаев Рашид, smartzholy@fpp.kz

Мамлютова Анастасия, тел. +7 7172 708 306, a.mamlyutova@fpp.kz

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстандық стартаптардың бір тобы Оңтүстік- Шығыс Азияның үздік 100 стартаптары қатарына енді және осы жылдың 28-29 маусымы күндері Сингапурда  Echelon Asia Summit ірі технологиялық алаңында венчурлық инвесторлардың алдына шықты.  Нәтижесінде қазақстандық Webtotem стартапы Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік 10 стартаптарының қатарына кірді.

Келіссөздер, стартап питчтер мен нетворкинг-кездесулердің соңғы күнінің қорытындылары бойынша Сингапурлық Saturday Kids компаниясы қазақстандық Intellection стартапын инвестициялау келісімі туралы мәлімдеді. Келісім келесі аптада жабылатын болады. Бұл инвестициялар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің қолдауымен ұйымдастырған Smart Zholy бағдарламасының аясында тартылатын болады.

Басқа да қазақстандық жобалардың арасында: дербес Wi-Fi роутер «Nommi»; Көпқолданушысы бар кроссплатформалық онлайн ойын «Game of Drones», оның мәні әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған ойыншылардың жердегі және әуедегі дрондарды басқаруда жарысуында; Қазақстандағы алғашқы мобильді автобөлшектер нарығы «KazMotors»; жасанды интеллект негізінде өнімдер шығаратын «AILabs» компаниясы; білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік қызмет саласындағы жастарға арналған «Neupusti» порталы; «OKauto» айыппұлдарды онлайн тексеру және төлеу және тағы басқалары болды.

Smart Zholy бағдарламасы бұл ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры қүрған, жас қазақстандық стартаптарға жаһандық нарыққа шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Бағдарлама былтырғы жылы іске қосылды, ал биыл оның екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Бағдарламаның серіктесі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші стартап-алаң– Echelon Asia Summit болып табылады.

Осы жылы бағдарламамен 16 қаладан 1200 адам қамтылды. Әр түрлі топтардан 120-дан астам өтінімдер үсіп, олардың ішінен 20 финалисттер анықталды. Бұл 20 топ Астана Хаб базасында сингапурлық  сарапшылардың жетекшігімен акселелерациялық бағдарламадан өтті. Және 20 сәуір күні сингапурлық венчурлық инвесторлар қатарынан құралған әділ қазылар алқасы Оңтүстік-Шығыс Азияның 100 үздік стартаптары қатарына енген үздік жобаларды таңдады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз қызметі

Исабаева Айнұр, тел. 8 7172 708 367, a.isabayeva@fpp.kz