Method Pro

Method PRO

Студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған республикалық IT-тәжірибе алу

Жобаға қатысу үшін 2018 жылдың 31 мамырына дейін тіркелу қажет.

Жобаның өткізілу мерзімі: 2018 жылдың 11 маусымы – 10 тамызы аралығында.

Ұйымдастырушылар: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, «Method» бағдарламалау мектебі

Серіктестер: мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, Қазақстандағы АҚШ-тың елшілігі және басқалар.

Бағдарламалауды білу және өз технологиясын жасай білу қабілеті жастарымызға тез өзгеріп жатқан еңбек нарығында өз бәсекеге қабілеттіліктерін сақтап қалуға мүмкіндік беретін басымдылық.

Екі айдың ішінде балалар отандық және шетелдік танымал мамандардан жаңа практикалық білім алады. Курстарға мыналар кіреді: мобильдік және веб-әзірлеу, машиналық білім алу мен Вig Data, маркетинг және бизнес-талдау, сондай-ақ, отандық және шетелдік үздік мамандардан семинарлар сериясы. Нәтижесінде ірі компаниялар үшін студенттер өз жоба — шешімдерін әзірлеп шығады.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылдың 15 тамызында Назарбаев орталығында «Method PRO» бағдарламасының үздік командалары жобаларының тұсаукесері өтті.

«Method PRO» бағдарламасы – жыл сайынғы жазғы IT-бағдарлама, онда жас бағдарламашыларға индустрияның үздік мамандарынан кәсіби ІТ-білім алуға мүмкіндік беріледі. Аталған жоба бірінші рет өткен жылы іске қосылды, оның нәтижесі бойынша студенттер әзірлеген 4 жоба өндіріске енгізілді, жастар 3 миллион теңгеден астам табыс тапты және ірі ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Биылғы жылы жақын және алыс шетелдің  15 мемлекетінің үміткерлерінен  1000-нан астам өтінім келіп түсті. Конкурстық іріктеудің нәтижесі бойынша маусым айынан тамыз айына дейін Астана мен Алматы қалаларында 200 адам ІТ-тағылымдаманы сәтті өтті. Тағылымдаманың нәтижесінде жобаға қатысушылар 8 миллион теңгеден астам табыс тапты және оларға ірі отандық компаниялардан жұмысқа орналасу үшін 30 ұсыныс келіп түсті.

Бағдарламаның ұйымдастырушылары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және Method бағдарламалау мектебі. Серіктестер: Бас прокуратура, Қазпошта, BTS Digital, Chocolife, Technodom, КИМЭП және КазГЮУ университеттері және т.б.

Жобаға қатысушылар оқу барысында 2 топқа бөлінді: бағдарлама және зерттеу жасайтын IT-топ және маркетинг, дизайн және менеджментті зерттейтін NonIT тобы. Қатысушылар мобильді және веб-әзірлеме, машиналық оқу және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдау бойынша практика жинады, сондай-ақ үздік отандық және шетелдік мамандардан білім алды.

Тағылымдама барысында жалпы қатысушылар ірі отандық компаниялар үшін 40 жоба-шешім әзірледі. Үздік деп танылған жобалардың бірі:

  • Бас прокуратура үшін бет әлпетін айырып тануға арналған рұқсаттама жүйесі;
  • BTS Digital үшін сөзді айырып тануға және түйіндемені талдауға арналған жүйе;
  • Rocket Study ағылшын мектептерінің жүйесіне арналған машиналық оқыту негізіндегі ұсыныс жүйесі;
  • «Атамекен» ҰКП үшін жоғары оқу орындарының рейтингісіне арналған платформа және бизес-тізілім;
  • K-Cell-ге арналған жол трафигін есептеу жүйесі;
  • Chocotravel&Aviata үшін төлемдерді онлайн салыстырып тексеру жүйесі;
  • Рахмет(ChocoFamily) үшін чекті 2-ге және одан да көп адамға бөлу;
  • Technodom үшін аналитикасы бар онлайн сауалнама;
  • Technodom-ға арналған виртуалдық асссистент;
  • Technodom-ға арналған кроссплатформалық «Экодом» ойыны;
  • Glotus Limited Kazakhstan транспорттық компаниясына арналған мобильді қосымша.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов: «ТМД елдерінде бүгінгі күні осындай тағылымдаманың аналогы жоқ. Келешекте біз қатысушылар мен серіктес – компаниялардың географиясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қор әрқашан дарынды жастарға қолдау көрсетеді. Жастарымыз біздің бағдарламамыздың арқасында өздерінің потенциалын іске асыра алатынына қуаныштымыз», деп атап өтті.

IT-тағылымдамаға қатысушы Қасым Қазыбек: «Біз өмірімізді күрт өзгерттік. Дарынды жастармен таныстық. IT-өнімдерін қалай құру және дамыту, дайын жобаларды бизнеске ыңтайландыруды үйрендік. Біздің топ керемет жұмыс жасады», – деді.

Қатысушылардың сәтті жобаларының бірі Бас прокуратураның тапсырысы бойынша жасалған бет әлпетін айырып тануға арналған рұқсаттама жүйесі болды. Жоба авторларының бірі – Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының робототехника пәні оқытушысы Мүслім Ертуған. Оның айтуы бойынша Method Pro бағдарламасы – өзін-өзі дамытуға жақсы серпіліс берді. Мұғалімдер үшін үнемі жаңа ақпарат пен технологиялар туралы мағлұмат алып отыру, онымен жұмыс істей білу өте маңызды. Өйткені біз арқылы балалар білім алады».