ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының бес жылдық тойлауының салтанатты рәсімі

         2014 жылдың 26-сәуірінде елордамыз Астанадағы  Жамбыл атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің  концерт залында  ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының 5 жылдық тойлауының салтанатты рәсімі болып өтті.

         Салтанатты іс-шараға еліміздегі барлық  ЮНЕСКО клубтарының басшылары, ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының президенті –Болат Ақшолақов, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры Сергей Лазарев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясының төрағасы, ҚР Мәдениет Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және дипломатиялық корпустың өкілдері мен ұйымымыздың серіктестері қатысты.

Атап өту керек, 5-жылдық тойлау ЮНЕСКО Клубтары  Жетекшілерінің «Болашақ бүгіннен басталады!» атты Слетін де қамтыды. Слет елордамызда 23-26 сәуір аралығында өтіп, Қазақстанның көптеген қалаларынан келген 100-ге жуық  клуб өкілдерінің басын қосты. Жетекшілердің Слеті жай ғана жоба емес, Клубтар жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.

          Бес күн ішінде жас қатысушылар  өздерін сыйлы делегаттар ретінде, ЮНЕСКО Бас конференциясының спикерлері, жобаларды бағалайтын мамандар сияқты рөлдерде сынап, тіпті әлеуметтік Жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкені ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының құрметті серіктестері баға берді, атап айтсақ Tengizchevroil, Total, NCOC,Tethyspetroleum, ҚР Елбасы қоры, БҰҰ-ның  еріктілері, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан  бойынша   Алматы қаласындағы ЮНЕСКО ның Кластерлік Бюросы.

5-жылдық  салтанатты  тойлау  рәсімінде ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясы жоғары лауазымды  адамдардан, дипломатиялық корпус және  мәдениет пен білім өкілдерінен, ұйым серіктестерінен құттықтаулар қабылдады. Қонақтарға мерекелік көңіл-күйді Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің өнерпаздары мен бишілері, Астана қалалық Оқушылар Сарайының «Тұмар» ансамблі сыйлады.

5-жылдық тойлау салтанатты рәсімін ЮНЕСКО Клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының  ресми әнұранын орындаумен қорытындылады. Тілек білдірушілер Федерацияға  деген құттықтауларын арнайы тақталарға жазып қалтыруға мүмкіндіктері болды.

Поделиться: