07.11.2017 | Ақылды аялдама, инновациялық қоқыс және шоколад принтер туралы үшінші «Science Slam – Kazakhstan» финалға қатысушылар баяндайды

Алматыда 9 желтоқсан /бейсенбі/ күні ғылыми-танымал шоу “Science Slam – Kazakhstan” өтеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры бастамашылық ететін, ғылыми іс-шара, үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жеті жас зерттеуші көпшілік талқысына   өз жобаларын ұсынады.

Science Slam – stand up форматындағы жас ғалымдар сайысы. Әрбір қатысушының өз идеясын кең аудиторияға, тапқыр, қызықты, ал ең бастысы, қолжетімді жеткізуге 10 минуттан аспайтын уақыты бар. Ғылыми жекпе-жектің чемпионын шуыл өлшегіш  анықтайды: кімге көбірек қол соғылса, сол жеңеді. Майданның басты шарттарының бірі — өзінің зерттеуін көрсету кезінде ғылыми терминдерді пайдаланбау.

— Дарынды қазақстандықтарды қолдау бойынша міндетке сүйене отырып, атап айтқанда, елдегі ғылымның дамуына жас ғалымдарды ынталандыра отырып, Н.Назарбаев Қоры гранттық және конкурстық бағдарламаларды жүзеге асырып қана қоймай,  ұқсас іс-шараларды да өткізеді.

 “Science Slam” ғылыммен айналысу өте тартымды және қызықты үдеріс екенін көрсетеді және дәлелдейді. Оның мақсаты жас ғалымдар қоғамына  және олардың ғылыми әзірлемелеріне  назар аудару болып табылады. Зерттеушілер өз жобаларын жарқын және ерекше беруге тиіс, алайда тақырып және мәселенің тереңдігі қатаң ғылыми болып қалуға тиіс. Өздеріңіз көріп отырсыздар, оңай міндет емес, бірақ үшінші жыл қатарынан біз жобаның  дамуының және оған көбіне-көп, Қазақстанның жақсы  слэмері атағына күресуге дайын,   үміткерлердің қызығушылық танытуының оң динамикасын  байқап отырмыз– деп атап өтті атқарушы директорының орынбасары – Алматыдағы  Қор өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Конкурстық негізде жоба финалына жеті жас зерттеуші шықты.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенті Дана Абдрахманова, мақсары шикізатынан емдеу-косметикалық заттарын қалай алу керектігін баяндайды.  М. Х. Дулати атындағы Шәкәрім мемлекеттік университеті магистранты Бақытжамал Әлмұратова Қазақстандағы және Германиядағы ауызекі емес байланыс айырмашылықтарын түсіндіреді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тұтынушылардың  тәртібінің кросс-мәдени аспектілері неде екенін көрермендер  “Туран” университетінің магистранты Гулира Абраевдан біледі.

“Мехатроника және зияткерлік жүйелер” зертханасының меңгерушісі, ХАТУ-нің докторанты Нұрлан Кәрімжан күн қуатымен жұмыс істейтін, ecoStation ақылды автобус аялдамасын ұсынады. Ал ақылды қоқыс туралы  Л. Гумилев aтындағы ЕҰУ-нің студенті Хисамутдинов Рафаэль баяндайды.

Қалай Қазақстан экономикасына 3D-принтинг индустриясын ендіруді «Шоколад принтер» мысалында Сулейман Демирел атындағы университет магистранты Айым Турсынбекова біледі.  “Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы” АҚ  ГАЖ-инженері Гульнур Халмурзаева геоақпараттық жүйелерді әр түрлі салаларында қолдану туралы баяндайды.

Айта кетейік, бұл жолы жарыс  қонақтары үшін  ұйымдастырушылар  бағалы сыйлықты конкурстар мен викториналар дайындады.

Іс-шара 9 қараша күні сағат 14:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, М. Ганди көшесі, 10. Кіру тегін, бірақ онлайн-тіркелу қажет.

БАҚ өкілдері, төменде көрсетілген байланыстар бойынша аккредиттелуі мүмкін.

ҚР Тұңғыш Президенті  Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жумашев

+7 727 2700 641, +7 708 960 56 13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Поделиться: