Мықты отбасы – мықты Қазақстан

Алматы қаласында 2014 жылдың 13-ші қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Мықты отбасы – мықты Қазақстан» көп балалы отбасылардың арасындағы мәдени-спорттық шарасын өткізді.

Бұл шара Отбасы күніне қарай орайластырған, ол Қазақстанда қыркүйектің әрбір екінші жексенбі күні аталады.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында әлеуметтік саясаттың жаңа бір қағидаларының бірі – балалық шақты қорғау болып табылады, онда еліміздің Президенті отбасы құндылықтар насихатының маңыздылығын белгілеп кеткен.

Бұл шараның мақсаты – дене мәдениеті мен спорт арқылы отбасы құндылықтары мен дені сау тұрмыс салтын нығайту, спортпен белсенді түрде айналысатын ата-аналардың мысалында өсіп дамып келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, мықты отбасы қатынастардың негізі ретінде командалық рухын қалыптастыру.

Спорттық жарыстар Алматы қаласының қазіргі заман спорт ғимараттарының бірі, ҚР Бірінші Президент Қорының спорттық-жаттықтыру кешенінің базасында (Бұрынғы АДК) өткізілді.

Жарыстар жалынды түрде, сауық-сайран және командалық рух түрінде достық атмосферада өткізілген. Өз ептілігін, жылдамдық пен дәл көздеуін Алматы қаласы мен Есік қаласынан келген көп балалы отбасылардан, соның ішінде асыранды балалары бар отбасылардан шыққан 5 команда өз күштерін көрсетті. Қатысқандарда өте құмарлы және көңіл көтеретін бағдарлама ұсынылды: қызықты ойындар, жарыстар, эстафеталар.

Құзыретті жюри отбасы командалардың спорттық табыстарын бағалап кетті, оның құрамына келесі адамдар кірген: Нұраханов С.Т., ҚР Тұңғыш Президент Қорының директоры, Тұрлыханова М.А., ардақты ана, Қазақстан Республикасының білім берудің құрметті қызметкері, Дәулет Тұррыхановтың анасы, Аязбаев С.К., ЮНЕСКО Клубтардың Қазақстандық Ұлттық Федерациясының вице-президенті, Жансая Абдумалик, жас ұғымтал, әлемнің үш дүркін чемпионы, Оксана Василенко, «Үйге жол» жобасының жетекшісі, Жойшыбеков С.М., ҚР Тұңғыш Президент Қорының Спорттық-жаттығу кешенінің директорының лауазымын атқарушысы.

Жүлделі орындарға ие болған компандаларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қорынан және СТК-дан дипломдар мен құнды сыйлықтар тартылды.

1-ші орын – Алматы қаласының Меңілбаевтар жанұясы, (сейілге арналған жиынтық: ақшатыр, жиналмалы үстел, шатыр).

2-ші орын – Есік қаласының Штейнбах жанұясы, (велотренажерлер).

3-ші орын – Есік қаласының Есеновтар отбасы, «Хоккей» үстел үстілік ойын.

4 – орын Есік қаласының Дун жанұясы (Шахмат үстел үстілік орйыны).

5 – орын Алматы қаласының Ерескеновтар отбасысы (Шахмат үстел үстілік орйыны).

Жанкүйерлер командасы да ілтипатсыз қалдырылмады. Олардың ішіндегі ең белсеңділері футболға, баскетболға арналған доптарын, теннис ракеткаларын, скакалкаларын және т.с.с. алған.

Мұндай шараларды өткізе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қоры отбасы құндылықтарын нығайтуына, саулық пен өмірдің тұрмыс салтына өз лептісін салады! Отбасы, қоғамның ең негізгі элементі ретінде, адамзат құндылықтары мен ұрпақтарының тарихи сабақтастық мәдениетінің сақтаушысы, тұрақтылық пен даму факторы болып қала береді.

 

Қосымша ақпаратты келесіден алуға болады:

тел: (727) 270-06-41, 8 701-759-4853, email: aigerim@fpp.kz, Айгерім.

Поделиться: