“Гауһартас” вокалдық квартеттің концерт-тұсаукесері

   2014 ж.-дың 23-шіқыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қорының концерт залында «Қазақ Елім»дебюттік альбомның шығуына арналған «Гауһартас» вокалдық квартеттің концерт-тұсаукесері өткізілді.

«Гауһартас» квартеті «Classical crossover» (классикал кроссовер) стилінде жұмыс жасайды — бұл жаңа және көпшілікке таңымал музыкалық бағыттарының бірі болып табылатын классикалық музыка мен поп, рок, электрондық музыканың элементтерінің үйлесімді тіркесі, өзіне тән синтезді ұсынатын музыкалық стиль.

Вокал квартетінің репертуарына аға ұрпақ жақсы көретін халық әндері, қазақ және шетел классика кіреді, бұл музыка кроссовер стилінде өңделгендіктен, ол жастарға да ұнамды болатыны сөзсіз. Осылайша, «Гауһартас» квартеті, ұрпақтарды біріктіре отырып, өз тындаушыларын уақыт сынағынан өткен музыканың табынушылары бола алатынына шақырады.

Квартеттің қатысушылары: Гүлнұр Тұрсынхан (драйв сопрано), Әсел Атабекова (драмалық сопрано), Гүлім Мұсахан (эстрадалық сопрано), Әсем Абдуалиева (коларатуралық сопрано), оларда жоғары музыкалық және актерлік білімдері бар, музыка аспаптарын пайдалана алады, дарынды және музыканы шынайы жақсы көреді.

Дебюттік альбомда әртүрлі жанрда орындалатын әндер жиналған, олар әртүрлі тілдерде, өзіне тән стильдерде орындалып, тыңдаушыларда үлкен әсерін қалдырады. Альбом Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен жазылған. Жоба авторы Алтынбеков Алмас Керимжанович келесідей сөз сөйледі: «Біз тағатсыз осы тұсаукесерді күттік, өзіміздің бар қуаты мен махаббатымызды біз осы альбомға салдық, ол тыңдаушылардың жүректерін жаулап алатынына сенімдімін. Үлкен алғысымызды ҚР Тұңғыш Президент Қорына білдіреміз. Елімізде жас, шығармашылық жобаларды қолдайтын ұйымдар бар болғанына қуаныштымыз».

Жақын арада «Гауһартас» Квартеті Қазақстанның  әртүрлі қалаларында өздерінің концерттерін, вокал жарыстарында қатысуын, сонымен бірге отандық теледидардың музыкалық жобаларында түсірілімдерін жоспарлап жатыр.

Поделиться: