БҰҰ-ның Алматылық моделі.

Ағымдағы жылдың  14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті – Елбасының Қорының қабырғасында орасан зор жоба БҰҰ ның Алматылық моделі іске  асырылды.  БҰҰның  Алматылық моделі жастарың өз білімдерін  практика жүзінде сынап көруге деген керемет  мүмкіндік  және аналитикалық және дипломатиялық  қабілеттерін   және  де шешендік өнерді дамытуға болатын алаң.

10-ға жуық университеттің  жүз отызға жуық студенттер адамзат баласына ортақ  әлемдік мәселелерді  талқылауға  ниеттерін білдірді.

БҰҰ Моделі   Біріккен Ұлттар Ұйымының  Бас  Ассамблеясының       және басқа да органдарының отырысының үлгісі түрінде ұйымдастырылды.     Отырыс барысында студенттер БҰҰ-ға мүше әр түрлі мемлекеттердің  атынан сөз тізгінін алды.

Алматылық модель   Біріккен Ұлттардың принциптері негізінде құрылып, Бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі және Адам құқықтары жөніндегі кеңес  сияқты әлемдік серіктестіктің маңызды мәселелерін қарастыратын  органдардың модельдері бар. Отырыс  орыс және ағылшын  тілдерінде өтті.

Әрбір комитетте қызу пікірталастар болды  және қатысушылар мәселелердің  қызықты да тың шешімдерін табуға атсалысты. Тақырыптар легі төмендегідей болды: тұрақты  дамуды қамтамассыз ету  әлемдік орнықтылықтың  негізгі факторы ретінде,террорристік әрекеттердің  әлемдегі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке  тигізетін теріс әсерлері, адам саудасынан қорғанудың жаңартылған механизмі.

Қатысушылар қорытынды құжаттар мен қарарларды  БҰҰ ның барлық талаптарына сай рәсімдеді.

Жалпы  үлгі отырыс  өте жоғары деңгейде өтті.

БҰҰ моделі Қазақстанда көп жылдар бойы өткізілуде және Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті – Елбасының Қорының  қарамағында екінші жыл ұйымдастырылуда. Қор жастарға арналған жобаларға  белсенді түрде қолдау көрсетуде. Алдағы уақытта жастар соғыс пен бейбітшілік мәселерін шешетін болады. Осы ретте БҰҰ Моделі  жастардың өзін дипломат рөлінде сезінуге жақсы мектеп болып табылады.

Онымен қоса,БҰҰ Моделі тек қана кәсіби көзқарас тұрғысынан ыңғайлы алаң қызметімен шектелмейді, бұл жерде  жаңа таныстар мен  тамаша достар тауып, пікірталас  сәттерінде қызықты ұсыныстарға кез боласың.

Форумның қорытындылары бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің  төртінші курс студенті Тоғжан Ахмет-Заки  жеңімпаз болып табылды.

Тоғжан сәуір айының  12 мен 16 аралығында Мәскеу Мемлекеттік   Халықаралық Қатынастар Институтында өтетін  “ БҰҰның Мәскеулік Халықаралық  Моделі” форумына жолдама алды.

Поделиться: