Жас ғалымдардың өзекті мәселелері

2014 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының қарамағындағы Жас Ғалымдар Кеңесі «Жас ғалымдардың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты- жас ғалымдарға қатысты ең өзекті мәселелерді анықтап және оларды шешу жолдарын табу.

Дөңгелек үстелдің жұмысына алдыңғы қатарлы қазақстандық ғылыми зерттеу орталықтары мен жоғарғы оқу орындарының сарапшылары мен  жас ғалымдары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жас ғалымдар мен ғылымға қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды, атап айтсақ, ғылымдағы басқару ісінің мүмкіндіктері, Қазақстан–2050 стратегиясын іске асыру жолындағы жас ғалымдардың миссиясы, жаңа технологияларды коммерциялау және жас ғалымдардың аталмыш процеске қатысуы, Қазақстанның интеллектуалды ортасын қалыптастыру,  жас ғалымдардың әрбір аймақтардағы қозғалысын дамыту .  Ғылыми кадрларды  дайындау, жобаларды  елімізде және шетелде сараптамадан өткізу , ғылыми басылымдарға мақалалар жариялау және тағы басқа мәселелер талқыланды.

«Дөңгелек үстелдің» соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, аталмыш іс шараның маңыздылығын атап өтті. Диалог іскер,  талқыланған мәселелер бойынша ғылыми , ең бастысы өзекті болып өтті.

Дөңгелек үстел бағдарламсы.

Алғы сөз:

Қордың қарамағындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы: Бояндинова Әсия Адылканқызы

Баяндамалар:

Буктуков Николай Садвакасович, ҚР Ғылымды ұйымдастыру Кеңесінің Президенті, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы, ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д. профессор, ҚазҰНҒА академигі

«Ғылымның проблемалары және оны шешу жолдары».

Цеховой Алексей Филиппович, Жоба менеджерлері кеңесінің Президенті, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының  академигі , .т.ғ.д, профессор

«Жобалық басқару және ғылым: тәжірибе мен мүмкіндіктер».

Аталикова Алия Сейсембаевна,  Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекетттік Университетінің Инновациялық Тухнологиялар орталығынының басты маманы, б.ғ.к.

 «Технологияларды коммерциялауда жас ғалымдардың қатысуы».

Разакова Дина Ибрагимқызы,  Т. Рыскулов атындағы Экономикалық Университеттің  Маркетинг Кафедрасының доцеты, PhD, доктор .э.ғ.к.

 «Қазақстандағы зиялы қауым қалыптастыру мәселелері»

Плачинта Иван Георгиевич,

 География мен экология пәндерінің оқытушысы, . Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің ғылыми бөлімнің ғылыми қызметкері ,   экология магистрі

«Ш. Уалиханов атындағы КМУ мысалындағы жас ғалымдар қозғалысын дамыту мүмкіндіктері»

Темірбекова Жанар Амангелдіқызы, Сулейман Демирел Университетінің   «Менеджмент және  маркетинг» кафедрасының меңгерушісі  , э.ғ.к, ассоциаланған  профессор

« Қазақстан – 2050 стартегиясын іске асырудағы жас ғалымдардың миссиясы».

Поделиться: